Қабатов Сталиннің заманында туылмағандығына қуанатындығын айтты

Oinet.kz 11-04-2020 1965

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов Сталиннің заманында туылмағандығы үшін шүкір ететіндігін жеткізді. Бұл туралы ол Асхат Садырбайдың "Желмая" бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz. 

6bc1b9ab-7356-4878-a698-a7f95ece3979.jpg

- Өзімде айтамын кей кезде. Аллаға сансыз шүкір деймін. Осы уақытта өмір сүріп, осы уақытта дүниеге келгенімізге шүкіршілік етуіміз керек деп ойлаймын. Біз осыдан 100 жыл бұрын туылғанымызда қай өмірді көретін едік. Одан әрі 200 жыл бұрын қандай замандар болды. Шүкір деймін. Сталиннің уақытында инстаграм, фейсбук, ватсап деген сияқты нәрселердің болмағанына. Сол уақытта болмағанның өзінде бір-бірін сатып, жазып жіберген қазақтар қаншама болды. Өйтпесе, Кремльде отырған солар біздің Қазақстанда не болып жатырғанын қайдан білсін. Алып қарағанда, совет одағы кезінде репрессияға ұшыраған, қаншама зәбір көрген қазақ халқы. Бір бірімізді жазып, жазып, айналдырған 4 млн халық репрессия уақытында қырылып қалған. Сол кезде Facebook, Twitter, Instagram болғанда қазақ қалмайдыма деп ойлап қоямын. Сталиннің Instagram, Facebook, Twitter-інің астына жазып, подписчигі болып отыратын едік, - дейді танымал әзілкеш. 

Отбасылы еркекпен көңіл қосқан Шахизада бар шындықты айтты
Димаш Құдайберген карантин кезінде сақал өсірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу