Тұрсынбек Қабатовтың басы тағы да дауға қалды

Oinet.kz 03-11-2021 1967

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов пен оның көмекшісі адам өліміне алып келген жол апатына қатысты сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді, деп хабарлайды Oinet.kz Express Qazaqstan сайтына сілтеме жасап.

Қабатов.png

Оқиға 2019 жылдың қазан айында болған. Қабатовтың көмекшісі Қарағанды — Нұр-Сұлтан тас жолында 34 жастағы ер адамды қағып кеткен. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Тұрсынбек жол апатынан қайтыс болған отбасыға өтемақы ретінде 8 миллион теңге төлеуі тиіс еді. Алайда әзілкеш соманың жартысы 4 миллион теңгені ғана төлеген. Оның көмекшісі кінәсін мойындамай отыр. Көмекшісінің айтуынша, жол апатынан көз жұмған адам мас болған әрі қараңғыда тас жолға өзі жүгіріп шыққан. Апелляциялық сот Нұр-Сұлтанда өтті.

- Адвокаттар сотталушының кінәсін дәлелдемегені үшін Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша ақтау және Қылмыстық кодекстің 346-бабы бойынша жазаны жеңілдету туралы өтінішін қолдайды. Жол апатынан қаза тапқан адам мас күйінде жолдың ортасына өзі жүгіріп шыққан. Алайда жол апаты кезінде адам өліміне алып келген жағдайда сотталушының жол ережесін өрескел бұзуы ақталуына негіз бола алмайды — дейді адвокат Әділхан Шайхисламов.

Express Qazaqstan тілшісі Тұрсынбектің өзіне мән-жайды білмек болып хабарласты. Алайда ол телефон тұтқасын көтермеді. Кейін көмекшісіне хабарластық. Ол да жарытып ештеңе айтпады.

- Мен білмеймін. Апелляциялық шағым туралы мен сізден естіп отырмын. Тұрсынбек қалада емес — дейді Тұрсынбектің көмекшісі.

Қабатовтың көмекшісі адамды көлігімен соғып кеткені үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталғанын айта кетейік.

Мөлдір Әуелбекованың экс-күйеуі өзінен 18 жас кіші қызға үйленді (фото, видео)
Кәмшат Жолдыбаеваның биі желіде хитке айналды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу