Отбасылы еркекпен көңіл қосқан Шахизада бар шындықты айтты

Oinet.kz 11-04-2020 3835

Алғашқы некесі сәтсіз аяқталып, кейін екінші мәрте тұрмыс құрған Шакизада таңдауындағы жанмен тағы да тіл табыса алмаған еді. Тіпті  6 жылға жуық отбасылы ер азаматпен көңіл жарастырғанын да соңғы сұхбаттарында жасырмай айтып жүр. Жеке өмірінде сан мәрте сүрінген әнші, таяуда тың мәлімдеме жасады. Өнер иесі енді бар құпиясын бүкпесін баяндап, өмірін бүкпесіз суреттейтін көлемді картинаны жұрт назарына ұсынуға бел буыпты. Бұл туралы ол ShowNewsKz ютуб каналында айтты, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

- Менің 20 жылдан бергі арманым. Өзімнің  өмірім туралы фильм түсіруге. Ол менің миымда әлі бар. Ол арманым бар. Өйткені менің өмірімде ағы да болды, қарасы да болды, қызылы да болды. Мысалы, қиыншылығы да, жақсылығы да деген сияқты. Көп нәрсені көрдім. Бірақ, өзім ойнамаймын. Өзіме ұқсас кейіпкер табамын. Жеке басымда, жеке өмірімде көп жағдайлар болған. Бірақ, оны кинода айтамын, - дейді әнші. 

Кентал: Қазақ қызы өзге ұлтқа күйеуге шықпасын, жігіттер үйлене берсін
Қабатов Сталиннің заманында туылмағандығына қуанатындығын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу