Кентал: Қазақ қызы өзге ұлтқа күйеуге шықпасын, жігіттер үйлене берсін

Oinet.kz 10-04-2020 1556

Отандық танымал әнші Кентал аралас некеге қатысты бар ойын айтты. Жақында күрд қызына үйленгелі жатқан өнер иесі қазақ аруларының өзге ұлт өкіліне жар атануына түбегейлі қарсы екенін жеткізді. Ол ер азаматтарға басқа халықпен құдаласуға болады деген ойын білдірді жазады Oinet.kz сайты KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Кентал өзі өзге ұлт қызын жар етіп алса да, қазақ аруларының аралас некеге отыруына қарсы болып шықты. Әнші өз ойын ашып түсіндірді.

 "Біздің қыздардың басқа ұлтқа тұрмысқа шығуы дұрыс емес. Бірақ, батырларымыз өзге ұлт қызын алғаны дұрыс. "Елді бұзғың келсе, қыздарыңды бұз", сондықтан ешкімді ренжітпей, ешкімге топырақ шашпай айтайын. Әрине, ол шынайы сезім болса, діні бір болса ондайға мен қарсы емеспін. Қай ұлт болса да, адамның баласы ғой. Ана дүниеде Алла тағала ұлтың кім деп сұрамайды. Тек терімізде ғана айырмашылық бар. Тердің астында бәріміз бірдейміз. Қан араластыру дұрыс қой. Кейін балаларыңның миы жақсы істейді, түрі де әдемі болады. Бірақ, бір жаман жері бар. Қазақтығынан айырылып кету мүмкін. Ертең ұрпағың шоқынып, өз дәстүрін сыйламай кетуі мүмкін" , - деді ол. 

Тәуекел Мүсілім: «Махаббат бала сүйгісі келіп жатыр» (видео)
Отбасылы еркекпен көңіл қосқан Шахизада бар шындықты айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу