Сәбит Әбдіхалықовтың таңдауы белгілі актриса Абдуллинаға түсті

Oinet.kz 20-12-2019 20834

Желіде актер әрі режиссер Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші рет отау құрған сәтінен суреттер таралған еді. Әбдіхалықовтың бұл жолғы таңдауы жас актриса Динара Абдуллинаға түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме берген Oinet.kz

Динара Абдуллина.jpg

Сәбит Әбдіхалықовтың үшінші жары атанып, құлағына сырға таққан Динара Абдуллина 1989 жылы 30 қаңтарда Атырау облысы, Исатай ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген. 

2007-2011 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "Драма театр және кино" актер мамандығы бойынша білім алған. 

2011 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында актриса болып жұмыс істейді.

2017жылы "Дарын" мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 

Жас актриса осы күнге дейін көптеген отандық телехикаяларға түсіп, бірнеше басты рөлдерді сомдап үлгерді. "72 сағатта үйлену" атты фильммен көпшілікке танымал. Осы күнге дейін "Шырағым", "Саған сенемін", "Иірім. Ана қадірі", "Шекара шебінде", т.б. сериалдарда бой көрсетті. 

Телехикаядан бөлек театр сахнасында осы уақытқа дейін Джульетта, Баян, Меңсұлу сынды басты рөлдерді сомдаған. 

Сәбит Әбдіхалықов үшінші рет отау құрды
Бағлан Әбдірайымов: «Ат басындай алтын берсе де енді QazaqMusicAwаrds-ке қатыспаймын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу