Безеуді қалай кетіруге болады?

Oinet.kz 20-02-2019 1604

Әдемі көріну үшін көп қаражат пен уақыт жұмсап жатамыз. Алайда біздің ойымызша көмектесуі тиіс өнімдер кейде, керісінше, негативті әсерін береді. Дұрыс емес косметиканы немесе кремді қолдану безеуді жасырудың орнына айқындап көрсетуі әбден мүмкін. Безеу жиі шығатын теріге қолданылатын косметикалық құралдардың құрамын мұқият қарау керек. Оның құрамында тесіктерді тығындайтын және теріге бөртпе шығаратын заттар болмауы тиіс. 

7daa52193491b3bc2c976d1736acbb07.jpg

Ылғалдандыратын құралдар 

Бұрын безеуі бар теріге ылғалдандырушы құралдарды қолдануға болмайды деген қате пікір қалыптасқан болатын. Негізінде ылғалдандырушы құралдар – безеу шығуға икемді терінің күнделікті күтіміндегі маңызды бөлігі. Безеуді емдеуге арналған кей құралдардың құрамында теріні құрғататын бензоилпероксид болуы мүмкін. Одан кейін бет терісі құрғап, қызарады және тітіркенеді. Безеу жиі шығатын теріге ылғалдандырушы крем таңдау кезінде текстурасы майлы емес, жеңіл түріне мән беріңіз және «некомедогенный» деген жазуы болуы керек. Ол терідегі тесіктерді бітемейді. Мұндай құралдың құрамында терідегі ылғалды ұстап тұратын глицерин және гиалурон қышқылы болуы керек. Безеудің пайда болуына ықпал ететін какао майы, мұнай өнімдері немесе кольдкрем болатын майлы кремдерден аулақ болыңыз. 

Скраб 

Мамандардың айтуынша, маскалар мен кремдер безеу кезінде көмектеспейді. Тері типіне байланысты таңдалған жұмсақ тазартушы құралдар беттегі безеуді кетіруге пайдалырақ болып келеді. Қырынудан соң жағылатын лосьон 

Безеуі бар еркектер де бет терісіне уақытылы күтім жасауы керек. Қырынудың еркек терісіне жағымды да, жағымсыз да әсері бар. Күнделікті қырынудың артықшылығы ол артық майды шығаратын тесіктерді ашуға көмектесетін табиғи эксфолиант ретінде әсер етеді. Алайда егер дұрыс қырынбасаңыз немесе дұрыс емес құралдар қолдансаңыз, безеу одан әрі көбейіп кетуі мүмкін. Қырынуға арналған ылғалдандыратын, тітіркендірмейтін гель немесе құрамында бензоилпероксид немесе жергілікті антибиотигі бар көбік қолданыңыз. Қырынуға өткір ұстара пайдаланыңыз.

Шаштың өсу бағыты бойынша қырыну керек. Егер теріде жаңа шыққан безеу немесе ашық жара болса, қырынған соң құрамында спирті бар лосьон немесе әтір себудің қажеті жоқ. Ол кезде майлы емес ылғалдандырушы крем немесе құрамында жергілікті антибиотигі бар арнайы лосьон мен гель жағыңыз. 

Макияж 

Безеуді білдіртпеу үшін макияж қолданамыз. Алайда бірнеше қабат макияж жасай беру – ең дұрыс шешім емес. Макияждың көмегімен безеуді жасыруға болады, бірақ дұрыс емес консилер алып немесе оны өте қалың етіп жағып тастасаңыз, қабынуды одан әрі айқындап қоюыңыз мүмкін. Далаптан бастап теньге дейінгі сәндік косметика майлы емес, аллергия бермейтін, тітіркендірмейтін болуымен қатар, құрамында мұнай өнімдері болмауы керек. Құрамын мұқият оқыңыз. Ең бастысы ол жақта су көрсетілуі тиіс. Минералды заттар негізінде жасалған косметиканың құрамында қызаруды жасыратын және майды сіңіретін кремний қостотығы, титан диоксиді, мырыш оксиді болуы керек. Мән беру керек келесі ингредиент – диметикон, ол да қызаруды жасырып, терінің тегіс еместігін қалпына келтіреді.

Дереккөз: massaget.kz

Пигментті дақтардан қалай құтылуға болады?
Мойын терісін қалай күту керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу