Кубандық штрумбалар
Өте дәмді. Жасап коруге кеңес береміз.
Қажетті заттар:
Қамырға:
- 3 стақан ұн (бұдан аз немесе көп кетуі мүмкін)
- 1 жұмыртқа
- 350 мл су
Вареники немесе пельменге секілді қамыр илейміз.
Салмасына:
- 700 гр фарш
- 2 пияз
- 2 ас қасық томат пастасы
- 2 ас қасық қаймақ
- тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш
- аскөк, петрушка
Штрумбаларды жай томат-қаймақ соусында қайнатса да болады немесе буга пісірсе де болады. Буга піссе томат пен қаймақ қосып жеуге болады.
Дайындау:
1. Иленген қамырды жайып, үстіне фаршты (пияз, тұз, бұрыштарды қосып) салып, біртегіс қылып жаямыз. Одан кейін рулет қылып ораймыз.
2. Оны кесіп, кесілген рулетиктерді ұн себілген үстелдің үстінде қолымен басып шығамыз.
3. Одан кейін пиязды қуырып, оған томат пен қаймақты қосып, тұздаймыз, бұрыштаймыз.
4. Кең кастрюлге аздаған сұйық май құйып, штрумбаларды салып, жартылай жылы су құямыз. 5-7 минут қайнағанда үстіне қуырылған пиязды саламыз. Тағы 25-30 минут қайнатамыз. Аскөк сеуіп дастарқанға ұсынамыз.
Асыңыз дәмді болсын!