Апельсин балмұздағы
Құрамы:
- 2 ст 500 мл қаймағы алынбаған сүт;
- 1 ст 250 мл майлы кілегей;
- 1 апельсиннің үгітілген қабығы;
- 6 жұмыртқаның сары уызы;
- 3/4 ст 155 мг қант;
- 5 ст 1,25л я болмаса 8 порция.
Дайындалуы:
- Кастрөлде орташа отта сүт, кілегей, апельсин қабығын араластыра отырып, қайнатады. Кастрөлді оттан түсіреді.
- Үлкен тостағанда жұмыртқаның сарысына қант қосын 3 минут езеді. Үнемі араластыра отырып, үстінен ыстық сүт қоспасын абайлап құяды. Алынған қоспаны сол кастрөлге қайта салып, баяу-орташа отта ағаш қасықпен қоспа қойылғанша үздіксіз 5-6 минут араластырады. Қоспаны қайнатпау керек. Бірден оттан түсіріп, ұсақ сүзгіден өткізіп, тостағанға құяды. Бөлме температурасында суытып, сосын қақпағын жабады да, 3 сағатқа немесе 1 тәулікке тоңазатқышқа салып қояды.
- Қоспаны балмұздақ дайындайтын ыдысқа салады да, өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қалдырады. Балмұздақты жұмсақ күйде ұсынуға болады не ыдысқа салып, 3 сағатқа я 2 тәулікке дейін тоңазытқышқа салып қатыруға болады.