Печеньеден жасалатын тәтті шұжық рецепті

Oinet.kz 17-10-2019 1533

cfa3d3dd90aa9ebd36b0295b5c34d553.jpg

Печеньеден тәтті шұжық жасауды үйренеміз.

Ингредиенттер:

3 қ. какао ұнтағы

200 г ұнтақ қант 

4 қ. сүт 

шымшым ванилин

(180 г) сары май немесе маргарин

150 г ұнтақталған жаңғақ немесе бадам

500 г печенье ұнтағы

1-2 тауық жұмыртқасы

1 қ. коньяк немесе тәтті тұнба

  • Печеньені үлкен ыдысқа салып, ұсақтаңыз. Мұны қолмен жасауға болады немесе қасық секілді қатты заттың көмегімен де жасауға болады. Дегенмен құмға айналғанша үгітудің қажеті жоқ.

  • Ыдыста майды ерітіп, оған қант пен жұмыртқаны қосып, бәрін араластырыңыз.

  • Какао, сүт қосып, баяу отқа қойыңыз. Қайнаған соң дереу плитадан алыңыз. 

  • Қоспаны аздап суытыңыз. Оған жаңғақ, коньяк және ұнтақталған печеньені қосыңыз. 

  • Барлығын мұқият араластырып, оны суытыңыз. Ас пленкасын немесе фольганы үстелге жайыңыз. Фольгаға дайын болған печеньемізді формаға келтіріп салыңыз.

  • Содан кейін өнімді мұздатқышқа 2-3 сағатқа қойыңыз. Шай ішерден 10 минут алдын тоңазытқыштан десертті алып, шұжық сияқты кесектерге кесіңіз.

Асыңыз дәмді болсын!

Кептірілген жемістермен палау әзірлеу
Асқабақ ботқасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу