Айнұр Тұрсынбаеваның шұжығы тексеруден өтіп, ішінен ешқандай жүн табылмады

Oinet.kz 02-01-2021 2023

Естеріңізде болса, бірер а бұрын айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның "Aidyn nury et" деп аталатын шұжықтарының ішінен тауықтың жүні шыққан еді. Бұл туралы видео әлеуметтік желілердің бәрін кезіп жүрді.

Видеоға қатысты пікір білдірген Нұржанат Нұрқанат деген кісі: 

"Бұл рас. Өткен аптада мен Шымкенттің Алаш базарынан дәл осы шұжықты алдым. Асығыс болған соң, үйге келіп кессем, ішінен жүн бе, ақ бірдеңелер шығып жатыр. Балаларыма көрсетпей, итке лақтырдым. Жасап шығаратын зауытты тексеру керек. Масқара ғой бұл деген! Адам жейді ғой, мал емес. Енді алмағаным шұжық болсын дедім", - деп жазды.

Осыған орай жақында Айнұр Тұрсынбаеваның шұжық шығаратын цеxын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы жүргізді. Бұл туралы Айнұр Тұрсынбаева Instagram-дағы парақшасында жазды деп xабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Шұжық.png

«Aidyn Nury Et» сауда белгісімен шұжық өнімдерін өндіруші «Сатыбалды» шұжық цехында цехында аудит жұмысы жүргізілді.

Тұтынушылар тарапынан «Aidyn Nury Et» шұжықтарына қатысты түскен арыз-шағымдардан (шұжықтардан тауық жүні, қауырсыны табылуы)кейін Алматы қаласында орналасқан «Сатыбалды» шұжық цехында кезектен тыс бақылау-қадағалау шаралары орындалды.

Тексеріс жұмыстары «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлымен жүргізілді.

Бақылау-қадағалау барысында «Aidyn Nury» шұжық өнімдері өндірісінде «Мал бауыздау және ет өңдеу», «Халал өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау және сатуға қойылатын жалпы стандарт» талаптарын бұзу жағдайлары анықталмады. Шұжықтардан, өндіріс құрылғыларынан құс қауырсындары мен тазалық талаптарына сәйкес келмейтін өнімдер табылмады.

«ҚМДБ халал» стандарт талаптары мен санитарлық тазалық толықтай сақталған. Бақылаушылар тарапынан ескерту жасалынбады.

«Aidyn Nury Et» шұжық өнімдеріне берілген «ҚМДБ халал» сертификаты 16.09.2021 жылға дейін жарамды екенін айта кеткен жөн, - деп жады Айнұр Тұрсынбаева.

Түркістан–Мақтаарал: Партия маңызды әлеуметтік мәселелерді шешіп, ұлттық құндылықтарды қастерлейді
Түркістан–Мақтаарал: 5 жылда білім саласында проблемалық мәселелер толық шешіледі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу