Түркістан–Мақтаарал: 5 жылда білім саласында проблемалық мәселелер толық шешіледі
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық сайлауалды штабының жүйелік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Мұхтар Әжіқабылов пен Сүндет Кенжебаев Достық ауылдық округіне қарасты Х.Тугушев ауылында болып, тұрғындармен кездесті. Мұнда кандидаттар ауыл тұрғындарымен қатар мектепке дейінгі тәрбие беру мекемесінің қызметкерлерімен жүздесті. Еркін форматта өткен жүздесуде «Nur Otan»-дықтар партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, пікірлеріне құлақ түрді. Жаһандық пандемияға орай білім беру саласында болып жатқан өзгерістерге тоқталды. Сұрақтарына жауап берді.
Тұрғындар аудандағы білім ошақтарының жағдайы мен қашықтықтан оқытудағы интернеттің әлсіздігі, бүлдіршіндердің балабақшамен қамтылуын сөз етті.
Сапалы білім алуға қол жеткізуді қамтамасыз ету – ауданның одан әрі дамуының маңызды шарты екендігін алға тартқан үміткерлер COVID-19 пандемиясына қарсы күрес жөніндегі күш-жігердің шеңберінде мектеп оқушылары мен Техникалық және кәсіптің білім беру жүйесінің студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшкендігін айтады.
Ауданда үш жасқа дейінгі балалар тәрбиеленетін балабақшалар мен апатты мектептері жоқ Мақтаарал ауданы білім беруде сапаны арттыруға, білім беру объектілерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға баса назар аударып отыр.
Бұл бойынша да алдағы 5 жылда «Nur Otan» партиясы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуға қол жеткізуге, №10 «Асыл мұра», №31 «Береке», №34 «Бірлік» және №54 «Қ.Әбдалиев» жалпы орта мектептерінің күрделі жөндеу жұмыстарын шешуге, қашықтықтан оқыту нысанын сақтау жағдайында әлеуметтік осал топтағы балаларды үйде онлайн режимінде оқыту үшін 1 971 дана, яғни, 30% компьютерлік техника және интернет желісімен қамтамасыз етуге, шекаралық аймақта орналасқан елді мекендерге соңғы үлгідегі кеңжолақты интернет желісін орнатуға, сонымен қатар, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесін арттыру мәселесін шешуге ықпал ететін болады.
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылға қарай 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтамасыз етіліп, жоғары және бірінші санатты педагог кадрлардың үлесі артады деп жоспарлануда.
Кездесу соңында кандидаттар 10 қаңтар күні өтетін сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының Сайлау қорынан төленді