Қанттан бас тартса адам ағзасы қалай өзгереді?

Oinet.kz 25-09-2020 2646

Тәттіқұмарлық кей адамдарға артық салмақ болып жатады. Тіпті кариес, ұйқысыздық секілді ауыр салдарға да алып келіп жатады. Көптеген адамдар үшін,  тәтті –  тек түйіршіктелген қант, кәмпиттер мен торттар ғана. Шынтауйтында, біз тұтынатын көптеген өнімдерде қант үлесі жоғары. Мысалы, жеміс йогурты мен сүзбеден бастап чили тұздығына дейін қант қосылады. Сол себепті де, тәттілерден толығымен бас тарту мүмкін еместей.  

image.png

Шешім: Тауар сатып аларда қаптамадағы жазуға мән беру керек. Құрамында 100 грам мөлшерге   22,5 грамм қанттан асатын тым тәтті. Өндірушілер қаптамадағы  қантты басқаша белгілейді. Ол гидролизденген крахмал, патока, фруктоза, мальтоза, ұнтақ қант және т.б. сияқты бірнеше атаумен пайда таңбалануы  мүмкін.

Жағдаят: Егер адам тәттіден бас тартса, ағзада қандай өзгерістер орын алады?

Бірінші күн

image.png

Егер сіз тәттіден бас тартуды шешсеңіз, пайдалы өнімдер тізімін жасап алыңыз. Әрі тамақты әркезде емес тек арнаулы уақытта тұтынған абзал. Қанттан бас тарту диета деген сөз емес. Ашықпай, қалыпты тамақтануды жалғастырған жөн.

Рационыңызға көмірсулы өнімдер таңдаңыз. Макарон және дәнді дақылдар: күріш, арпа, сұлы, қарақұмық жармасы секілді өнімдер ұзақ уақыт тоқ сезінуге мүмкіндік береді.  

Рацион өзгерткен алғашқы күн қорытындыланар сәтте өзіңізді сергек сезінесіз. Ағзаға сіңірілетін глюкоза мөлшерінде ерекшелік болғандықтан, бірсыдырғы көңіл күйде боласыз.

Екінші-үшінші күн

image.png

Тәбет тұрақты болады. Сіз тағамға психологиялық тәуелділік кететінін байқайсыз. Ішіңіз пысқан сәтте тамақтанумен әуестенуді тоқтатасыз. Ұйқы сапасы артады. Тәтті допаминнің (Рахат гормоны) қысқа мерзімді өсуін қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар кортизол (стресс гормоны) өндірісін ынталандырады. Егер ұйқы мөлшері артып кетсе, қанша мөлшерде қант тұтынатыныңызға зер салыңыз!

Бесінші күн

image.png

Дәм бүршіктері сезімтал болады. Мысалы, жемістер мен көкөністердің дәмі айқынырақ болады; сіз дәнді кофенің сипатын сезінесіз. Яғни кофені де қантсыз тұтынғанда дәмі айқындалады.

Ішектің жағдайы жақсарады. "Тәтті микрофлора балансын бұзады. Сондықтан іштің кебуі, дисбактериоза, сондай-ақ витаминдер және минералдар толықтауға кедергілер болады. Атап айтқанда, темір, кальций, магний, фосфор, А, D, Е дәрумендері және басқа да пайдалы заттар ішекте сіңеді", - дейді маман.

Терінің күйі өзгереді: қант – коллагеннің , ақуыздың бұзылуына себеп болады. Бұл күйді ұзақ сақтасаңыз терінің бұзылуы кешеуілдейді.

Жетінші күн

image.png

Салмақ 800 граммнен – бір  килограмға дейін азаяды. Тіпті калория саны өзгеріссіз қалса да. Себебі, сіз инсулинді бақылауға аласыз және сұйықтық денеде қалмайды. Дене өзінің май қорын жұмсай бастайды.

Отызыншы күн

image.png

Бір айдан кейін барлық өзгерістер айқынырақ болады.  Тәттіден бас тарту дененің барлық жүйелеріне әсер етеді.  Асқазан-ішек жолынан гормоналды фонға дейін. Метаболизм жақсарады; ұйқысыздық жоғалады; сіз төрт килограмға дейін салмақ тастайсыз. Ең мұқымы, өмір сапасы жақсарады.

Жыл

image.png

Сіз салмақ жоғалтып қана қоймай, жоғары ықтималдылықпен сіз бұрынғы салмаққа оралмайсыз. Иммундық жүйе жақсарады.

Сізде тіс дәрігеріне бару ықтималдығы аз болады. Өйткені аузыңыздағы қанттың бөлінуі нәтижесінде қышқыл пайда болады.  Бұл тістің бетіне зақым келтіріп,  болашақта кариеске әкеледі.

Суреттер ашық дереккөзден алынды

Салмақ жинаудың 8 әдісі
Тұрмысқа пайдалы кеңестер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу