Басынан шіріген балық

Oinet.kz 30-09-2019 1127

Screenshot_3.jpg

Австралиядағы Мельбурн қаласының тұрғыны аквариумдағы балығына ота жасатты. Алтын түстес балық ауыр дертке шалдыққан көрінеді. Оның басында қатерлі ісік болған. Балыққа әбден «бауыр басып қалған» әйел оның өлімін күтпей ота жасатуды ұйғарады. Джордждың (балық) отасы үшін иесі дәрігер Тристан Ричке 200 австралиялық доллар төлеген. Дәрігердің айтуынша операцияға 45 минут уақыт кеткен. Сәтті өткен отадан соң Джордждың жағдайы жақсарған. Ол енді  20 жылдай өмір сүреді екен. 

Ксерокөшірме аппаратын кім ойлап тапты?
Орта ғасырда өгіз өлім жазасына кесіліп, қауынды сотқа тартқан
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу