Ксерокөшірме аппаратын кім ойлап тапты?

Oinet.kz 30-09-2019 1436

information-printer.jpg

Бүгінде кеңсе жұмысын ксерокөшірме аппаратынсыз елестету мүмкін емес. Білесіз бе, бұл аппаратты ойлап табуға Честер Карлсонның бір жыл уақыты  кеткен. Бір қызығы көптеген компаниялар аппаратты қажетсіз деп көбейтіп шығарудан бас тартқан екен. Тоғыз жылдан кейін ғана «Халоид» кішігірім фирмасы аппаратты шығаруға келіседі. Осылайша нарыққа «ксерография» атты құрылғы тарайды. Ол грек тілінен аударғанда «құрғақ хат» деген мағынаны білдіреді. Кейіннен аппарат «ксерокөшірме» деген атауға ие болады. Миллионер атанған Карлсон қайырымдылықпен көп айналысқан екен. Ол 62 жасында кинотеатрда фильм тамашалап отырып көз жұмған. 

«Кавказдық тұтқын» хикаялары
Басынан шіріген балық
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу