«Кавказдық тұтқын» хикаялары

Oinet.kz 30-09-2019 1122

7625756_900.jpg                                        

«Кавказдық тұтқын» комедиялық  фильмін көрмеген жан жоқ шығар. 1967 жылы экранға шыққан туындыны түсіру барысында талай қызық орын алған екен.  Естеріңізде болса кинода  Вицин, Никулин мен Моргунов сыра ішіп тұратын эпизод бар. Вицин ішімдікке үйір болмағандықтан сыраны ішуден бас тартқан екен. Сонда режиссер сыраның орнына итмұрын тұнбасын құйып береді. Сусынның көбігі болмағандықтан тұнбаның бетіне мақта қояды. Алайда актер мұндай біртүрлі сусынды ішкенше сыра ішкенім артық деп ақыры алкогольді ішуге келіскен екен. Фильм режиссері Леонид Гайдай түсірілім барысында импровизация жасаған актерға сыйақы ретінде шампан беріп отырған екен.  Талантты актер  Никулин  түсірілім кезінде 24 бөтелке шампанға ие болған екен. Фильмнің тағы бір «кейіпкері» Шуриктің досы Люся есімді есектің көрер жарығы бар екен. Ол 40 жылдан кейін «9 рота» фильміне де түскен.  

Банкты алдап соққан өте қу көлік егесі
Ксерокөшірме аппаратын кім ойлап тапты?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу