Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
1976 жылы Колумбия астанасы Боготада медқызметкерлердің көтерілісі болады. Нәтижесінде дәрігерлер 52 күнге жұмысқа шығудан бас тартады. Тек бір қызығы осы сәтте қаладағы өлім саны 35 %-ға азаяды. Қаладағы өлім бюросының өкілі бұл оқиға жөнінде «бұл кездейсоқтық болса да, факт» деп мәлімдейді.
Дәл осындай жағдай Израильде де, 1973 жылы қайталанады. Дәрігерлер 65000 кезектен тұратын қабылдауды 7000-ға дейін кемітеді. Дәрігерлердің мұндай көтерілісі 1 айға созылады.
Израильде дәрігерлер көтеріліп жатқан осы бір сәтте, ауруханаға жатқызылған науқастардың саны 85%-ға кеміпті. Ал Иерусалим жерлеу қоғамының мәліметтері бойынша, Израильде өлім деңгейі 50 пайызға төмендеген. Науқастар соңғы рет осы дәрігерлер көтерілі қарсаңында ғана осынша аз болған.
1976 жылы дәрігерлер дәрігерлік қателікке байланысты сақтандыру құнының жоғарылауына қарсы ереуілге шығып, нәтижесінде Лос-Анджелес округінде өлім-жітім деңгейі 18 пайызға төмендейді. Операция саны 60%-ға азайып кетеді.
Ал көтеріліс аяқталған соң бәрі де қайта қалпына келеді екен. Әрине мұның бәрі де жәй ғана сәйкестік болуы да мүмкін, тек кім білсін?!