Тридрангер шамшырағы: Мұхит ортасында, жартас басында

Oinet.kz 26-08-2019 1123



Исландия жағалауларындағы жалғыз шамшырақ Тридрангар Атлант мұхитының бетіндегі жартаста қырық метр биіктікте орналасқан. Әлемнің шетіндегі өркениеттің осы жарығына қарағанда, тастан ағып жатқан жуларындағы и рді елестету қиын.

Шамшырақ мұхит бетіне біткен үш жартастың бірінде орналасқан. Жартас алыстан қарағанда үшбұрыштай көрінеді, алайда жақыннан оның беті тегіс екен. Шамшыраққа жеткізер жалғыз жол тікұшақ. Жартасқа тек күн ашық күндері баруға рұқсат етілген. Ал Исландия үшін өздеріңі білетіндей бұл өте сирек құбылыс.

Тридрангер шамшырағы Ислания жағалай Вестман аралында 1939 жылы салынған. Ол кездері тікұшақтар қолданылмағандықтан, шамшырақтың құрылысы өте күрделі болған.

"Бірінші кезекте біз жартастың төбесіне жол салу керек еді. Бұл істе бізге Вестман аралдарының тәжірибелі скалолазы көмектесті. Біз оларға бұрғы, балға, шынжыр және шынжырларды бекіту үшін қысқыштарды жеткізіп отырдық. Шыңға шығудың өзі әжептәуір әбігерге салды. Сол кездегі басымнан өткізгендерімді жеткізу тіпті қиын", - деп шамшырақ құрылысына қатысқан құрылысшы өткен кездерін еске алады.

Қазірде шамшырақ толығымен автоматтандырылған. Кейде бұл жерге жұмысшылар келіп, шамшырақтың ақаулары болса, тексеріп кетіп тұрады.


Микеланджело Буонарроти өмірінен
Медицина қауіпті болғаны ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу