Парашютпен секірген 100 жастағы әже

Oinet.kz 13-08-2019 984

Screenshot_6.jpg

Кез-келген жаста өзіңді сергек сезінуге болады. Тәуекелге баруды ұнататын Джорджина Харвуд әжейдің ерлігі бүгінде көпті таңқалдырып келеді. Ол 100 жасқа келген туған күнінде парашютпен секіріп, акуламен бірге суда серуен құрды. Оңтүстік Африканың Кейптаун елді-мекенінде әуеден секірген Джорджина қарт осы әрекеті үшін  супер әжей атанған. Бір аяғы көрде, бір аяғы жерде екеніне қарамастан аспанда қалықтаған әжей мұндай ерлігін алғаш рет  92 жасында жасаған. Экстримді сүйетін кейуана адам бойындағы қорқынышты жеңе білу керек дейді. 

Мұрағаттан, 2016 ж

«Террор» кемесі табылды
Тұман құшағындағы Дубай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу