«Террор» кемесі табылды

Oinet.kz 13-08-2019 1104

Screenshot_5.jpg

Алып мұхит, ашық аспан және кеме. Ия, осынау ашық мұхитта табиғаттың тосын апатынан немесе өзге де жағдайда су түбіне кеткен кемелер қаншама. Жақында зерттеушілер Солтүстік Мұзды мұхиттан британдық Джон Франклиннің экспедициясындағы "Террор" кемесін тапты. Алып қайықтың оқиғасы былай болған еді: 

"Эребус" және "Террор" кемелеріне мінген британдық теңіз офицері Джон Франклиннің жетекшілігіндегі жоғалған экспедиция Атлант мұхитынан Тынық мұхитына Арктика арқылы жол ашпақ болған. Франклин және оның экипажы – 128 теңізші 1845 жылдың мамыр айында Британиядан жүзіп кеткен. Сол жылы тамыз айында олар туралы соңғы хабар келген және экспедицияның кейінгі тағдыры белгісіз болған.Таяуда Arctic Research Foundation зерттеу ұйымының мамандары қашықтықтан басқарылатын сүңгуір қайық көмегімен арктикалық шығанақтардың біріне батып кеткен екінші кемені тапты. Зерттеу ұйымының жетекшілері су түбіндегі кеменің ішіне бас сұғып, азық-түлік қоймасына кіргенін мәлімдеп отыр. Сондай-ақ олар бір ғасырдан астам сақталған консерв құтысы мен екі бөтелке шарап тапқанын айтады. 

Америкалық жазушы Дэн Симмонс «Террор» романын дәл осы Джон Франклиннің жоғалған экспедициясына арнаған болатын. 

Мұрағаттан, 2016 ж

Жаныңды жылататын фильмдер
Парашютпен секірген 100 жастағы әже
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу