Мешін жылы кімдер дүниеге келген?

Oinet.kz 23-06-2019 1197

Screenshot_4.jpg

Мешін жылы туғандар билікті жақсы көреді. Олар қай ортада жүрсе де айналасындағыларды билеп-төстегенге, жұртты өзіне қаратуға шебер келеді. Жоқтан барды жасау осы мешін жылы туғандардың қолынан келеді. Олар ақылды, білімді және өмірде жолы болғыш. Жолында еш кедергі жоқ болса, биіктерден көрінуге барын салады. Бірақ мешін жылы туғандар  бүгін бір нәрсе айтса, ертең-ақ ол ойынан тез айнып шыға келеді. Оларға сену қиындау.Міне, жұлдыз жорамалда осылай деп жазылған.  

Мешін жылы туғандардың билікті жақсы көретіні рас-ау тегінде. Сөзімізге дәлел ретінде Мешін жылы  туылған бірқатар саясаткерлерді атасақ, олар мыналар: Заманбек Нұрқаділов,Аман Төлеев, Оралбай Әбдікәрімов, Ермұханбет Ертісбаев, Иманғали Тасмағамбетов, Нартай Дүтбаев, Асылжан Мамытбеков, Ержан Қожағапанов. 

Мешін деген қандай мақұлық?
Әлемдік әскери қойма, полигон, заводтағы жарылыстар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу