Әлемдік әскери қойма, полигон, заводтағы жарылыстар

Oinet.kz 26-06-2019 1456

арыс.jpg

Арыс қаласы, 24 маусым. Сурет ашық дереккөзден алынды.

Ресейдің Дзержинск қаласындағы  «Кристалл» зауытының жарылғыш заттарды өңдейтін цехында 4 сәуірде жарылыс болды. Нәтижесінде 15 метрлік цех ғимараты толығымен қирап, өрт шыққан . Жану аймағы  150 шаршы метрді құраған. Оқиғада зардап шеккендер болған жоқ.

Красноярск қаласында"Красмаш" қорғаныс зауытында 26 сәуірде өрт шықты. Өрт" Бирюса "тоңазытқыштарын өндіретін зауыттың"Красмаш" аумағында орналасқан дайын өнім қоймасында болған. Өрт аймағы  5 мың  шаршы метрді құрап, ғимарат шатыры құлаған.

Свердлов облысындағы  полигонда 4 мамыр күні жарылыс кезінде 1 әскери қызметші қаза тапты, төрт сарбаз түрлі деңгейде жарақат алған. Әскери ережені бұзып алау жаққан сарбаздың кесірінен өрт бүкіл бөлімшені шарпып, оқ дәрілер жарылған.

Латвияның Адажа қаласындағы әскери базада 6 мамыр күні мина жарылған. Салдарынан НАТО-ның бір әскери қызметшісі қаза тауып, екеуі жараланған. Адажадағы әскери база мен полигонды Латвия мен НАТО әскери қызметшілері оқу-жаттығуларды өткізу үшін пайдаланады. Албаниялық контингенттің әскери қызметшілері Латвияда оқ-дәрілерді залалсыздандырумен айналысқан.

Нижегород облысының Дзержинск қаласындағы "Кристалл" Мемлекеттік ғылыми-зерттеу институтында тротил өндірісі бойынша цехта 1 маусымда бірнеше жарылыс болды. ТЖМ мәліметі бойынша, осыдан кейін өрт пайда болды, оның аумағы зауыт нысандарында 800 шаршы метрді және жақын орналасқан орман алқабында 400 шаршы метрді құрады. ТЖ салдарынан 116 адам жарақат алды, қаза тапқандар жоқ. Дзержинск пен Пыра елді мекенінде 800-ге жуық ғимарат, оның ішінде 9 денсаулық сақтау нысаны мен 32 мектеп терезесінің шынысы сынған. Өрт маңындағы 1,87 мыңнан астам адам тұратын 687 тұрғын үйдің электр жүйесі істен шыққан.

Сириядағы  Машруа ад-Думмар оқ-дәрілері сақталатын әскери қоймада 15 маусымда жарылыс болды.  Қойма маңындағы құрғақ өсімдіктерге өрт түсіп, қоймаға дейінгі аралықты қамтығанының салдарынан оқ-дәрілер жарылған. Оқиға Сирия астанасы Дамаск қаласына жақын маңда орын алған.

Түркістан облысының Арыс қаласының маңында орналасқан ҚР ҚК арсеналдарының бірінде оқ-дәрілер сақталған ғимаратында 24 маусымда өрт шықты. Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Тимур Дәндібаев : "Бізде күнде бірдеңе жарылады деуге болмайды. Төтенше оқиғалар бізде ғана емес, басқа елдерде де болады. Қару-жарақ, әскери техника бар жерде үнемі қауіп бар. Себебін анықтаймыз",-  деді.

Мешін жылы кімдер дүниеге келген?
Қай сериал қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу