Қай сериал қандай?

Oinet.kz 02-07-2019 1549

Келер ұрпаққа қалдырар мәдениет, тарихтың бұлағы бұрын кітапта болса, қазір осы кішкентай ғана көгілдір экран бетінде екенін ескерсек, күнделікті көрсетіліп жүрген телесериалдар нені үгіттейді, бағыт-бағдары қандай деген сауалдарға жауап іздей бастаймыз. Ащы ішектей созылған үндінің сериалы - үндінің құндылығын, қытайдың сериалы қытайдың мәдениетін, корейдің сериалы - кәрістің мүддесін қорғайтыны белгілі. Олай болса, ұлттық арналардан ең көп көрсетілетін сериалдардың ең басым көпшілігі не туралы екенін сарапқа салдық.

 

1. Үнді сериалдары

10ebdde5af54deb150e912d6d4c608cc.jpg

Үнді сериалдары бір кездердегі еліміздің телеарналарындағы сериалдар ішінен сөзсіз алғашқы болған, қазір де телеканалдардан кетер ойы жоқ телесериалдар жиынтығы. Әр телеканалдың аңдатпсынан үнді телесериалдарының табылуы абырой секілді, тіпті. «Келін» деген үндінің бір кірпік қаққанына бақандай бір бөлімін арнайтын «көбікті операсы» өте актуалды тақырып. Үнділерге деген бұл аса құрметті ыстық махаббатымыз бәрінің аузында Митхуну Чакраборти мен «Зита және Гита» жүрген сол баяғы ССР-дің кезінен қалса керекті. Алайда, үндінің қазіргі өнімдері оларға мүлде ұқсамайды. Олар біздің көрермендерді мүлде басқа дүниелермен қызықтыруда.

Басты тақырып: көбінде, ене мен келіннің арасындағы қарым-қатынас.

Үнді сериалдарында негізгі жұмысты атқарушы оператор. Түсірілім алаңында өте сирек болатын режиссерді ең жауапты етіп тағайындау қате болар еді. Аңыз бойынша, сценарий ұйымдастырып, оқиға желісін реттеп отыратын сценарист те сериал жауаптысы емес. Сериал түсірудегі ең маңызды рөлді, сөзсіз, бейнежазушылар иемденуге толық құқылы. Оларға көп нәрсе байланысты. Олар жалғыз өзі бір серияны құтқарып ала алады. Басты кейіпкерлерді камерамен шыр айналдырып түсіріп, олардың жүздерінен байқалған қас-қағымдық мимикаларын қағып алу шеберлігімен ерекшеленеді. Олардың кадрынан ешкім қашып құтыла алмайды. Бір фразадан тұратын бір сценарийді тұтастай бір эпизод етіп шығару магиясын қолданaды. Мысалы, келіні “жоқ, мен бұл үйде қала алмаймын” деген ұнамсыз бір фраза айтса, оператор алдымен келіннің өзін, содaн соң оның үлкен абысынын, ортаншы абысынын, кіші абысынын, қайынағасын, қайынісін, жолдасын, енесін, енесінің енесін, өздерімен бірге тұратын енесінің әпкесін, оның досын, үйге мерекеге келген қонақтарды, қазір ғана кіріп келген көрші үйдің келінін, оның арқасынан әйелімен еріп келген жолдасын, бәрін-бәрін жеке-жеке кадрмен түсіріп, бір толық серияға айналдыра алады.

Үнді сериалдарындағы үйлену тойлар, бұл бөлек әңгіме. Бірақ, негізінен, бұл елдің сән-салтант, мерей-тойларының санында шек жоқ. Бірақ көрерменнің абай болғаны жөн, себебі дәл үйлену тойы болатын серия күні қалыңдықтың өзгеріп кетуі де ғажап емес.

Полицейлері болса, бір қызық. Олaр өздігінен қылмысқа қарсы ешқандай шара қолданбайды, олар қарапайым азаматтардың тапсырысы бойынша жұмыс жасайды. Олар ешқандай соттың көмегіне жүгінбейді, бірден түрмеге алып кетеді, бас бостандығынан айырады. Олар түймедейді түйедей еткенді жақсы көреді. Күнделікті мәселелерді жаһандық ауқымдағы мәселелерге айналдырады. Алайда, ең ұнамды жері ешқандай жaқындық болмайды, болса да, өте сирек кездеседі. Біз кейіпкерлерді айтқызбай түсінеміз. Яғни, олар үнсіз болғанымен, не ойлайтындарын білеміз. Өйткені, кадр сыртындағы дыбыс бәрін айтып тұрғандай.

Қорытынды: Үнді сериалдары көрермендердің ойлау қабілетін төмендететін, бос уақытын зая өткізетін, өзіндік менталитетіне баулитын, отбасылық мәселелердегі көптеген пропаганда кездесетіндіктен, үй ішіне іріткі салатын, отбасы құндылықтары жайында «теріс пікір қалыптатыратын сериалдар» деп табылды.

2. Түрік сериалдары

28a2081a2f3e2aed702806ff40fb6a6b_ce_738x490x0x0_fitted_740x0.jpg

Юсуф Мероғлұдан бері үздіксіз отандық экраннан беріліп келе жатқан түрік сериалдарыбіздің телеарналарымызға қатты қоныстанды. Біздің ой-санамыз оларға өте ұқсас болғандықтан, бөздің көрермен түрік сериалдарын әсте жақсы қабылдап, жақсы көріп-ақ кетті.

Басты тақырып: кек және отбасылық қатынастар.

Түрік сериалдарында операторлық жұмыспен де композиторға айтылар уәж жоқ. Үнемі артқы фонда жан рахаттaндырар өлең ойнап тұрады.

Егер де сериалда түгел оқиға желісі үйленуге алып келе жатса, бұл сериал соңына қарай бір басты кейіпкердің өлетіндігі туралы мәлімдейді, сөзсіз.

Басқа елдің сериалдары секілді түрік сериалдары жасанды байлық пен бақытты көрсетпейді, аз да болса шындықпен үйлесім тапқан түрік сериалдарының көрермен жүрегінен тез-ақ орын aлу себебі осында жатыр. Алайда, кейбір сюжеттер тым аянышты болғандықтан, сериал көрерменді тіпті өз басындағы проблемаларын ұмыттырып, шынайы өмірден алшақтататыны да бар. 

3. Кәріс сериалдары

u=3791155404,1429554415&fm=27&gp=0.jpg

Кәріс телесериалдары қазақ телевизиясынa қалай енгені белгісіз, байқатпай, бірақ жылдам телеканалдардан ойып орын алған аталмыш сериалдардың ең сүйіп тамашалайтын көрермендері – бойжеткен қыз-келіншектер.

Басты тақырып: Өткеннің бүгіннің келешектің құпиялары.

Корей елінің телесериалдарында, міндетті түрде бір кейіпкер айықпас дертке ұшыраған болып шығады. Кореяның медицинасын жарнамалау мақсатында, ауру-сырқау олардың емі жайында сериалдар өте көп. Соңғы жылдары пластикалық хирургия жайлы телесериалдар да көптеп кетті. Сериалдардың танымалдылығының арқасында кәрістер кез келген өнімдеріне жарнама жасау мүмкндігіне ие.

Кәріс телехикаялары, қуантарлығы, үлкендерге құрмет көрсетудің хас шебері, салт-дәстүрін барынша ұстанған ел және де барынша қарапайым өмір сүруге тырысатын ел екен көрініп тұрады.

Негізінен, сериалдардың көпшілігінде элитаға арналған мектептерде оқитын байдың балалары жайлы өмірді көрсетеді. Кейіпкерлердің байы бар, кедейі бар, барлығы тең дерлік соңғы үлгідегі киімді киеді, онысымен шектелмей, бір киілген киімін қайта кимейтіні бар.Мұнысында да астыртын идеология жасырып жатқанын аңғаруға болады. Яғни, кәрістерді өте жақсы, таза, сәннен қалмай киінеді екен деп ойлатады.

Бұл елдің сериалдары өзінің тазалығымен, тәртіптілігімен, ең кіршіксіз махаббатты көрсете білетіндігімен ерекшеленеді. Ал, дорамаларда қылмыстың көрсетілуі өте сирек кездесетін құбылыс. Кейіпкерлер арасындағы жақындық тек құшақтасу мен ерінге ерін тигізумен шектеледі.

Қорытынды: Кәріс телесериалдарын тамашалау қазақ көрермендерінің санасына ешқандай қауіп төндірмейді, керісінше, мәдениет пен құрмет жөнінен аталмыш сериалдардан аларымыз бен түйеріміз көп екенін аңғартады. Әйтсе де, жарнаманың тым көп болуы, көрерменді мезі етуі мүмкін. Әңгіме сериал арасында болатын үзінділерде берілетін жарнамаларда болып тұрған жоқ, сериал ішіндегі жасырын жарнамаларды меңзеп тұр.

4. Ресей сериалдары

сериалы-3-678x381.jpg

Бір кездері экран бетінен түспейтін лидерлік позициясымен ерекшеленетін орыс сериалдары, қазір біртін келе ол орнын жоғалтты.

Басты тақырып: Көзге шөп салу, жанжалдар, шиеленістер, тергеу.

Ресейлік сериалдардың көпшілік көрермендері ағалар, көкелер, аталар. Оған себеп, сериалдардың барынша шынайы болуында, қатты қиялға жол бермеуінде, кез-келген нәрсенің оңай жолмен келмейтінін, кімнің кім екенін, полицей қандай болады, бай қандай, кедей қандай бәрін ашып көрсететінінде болып тұр.

Ресейлік сериалдар нені насихаттайды? Сериал көрерменнің ақыл-ой, сана сезіміне әсер етеді. Жеке адамның және қоғамның мінез-құлқының үлгілерін анықтайды, этикалық және эстетикалық таңдауларды қалыптастырады. Бұл манипуляциялық стратегиялар үшін үлкен және азықтандырушы кеңістік, саяси, идеологиялық құндылық. Ал, ресейлік сериалдар арналарымызда жоқ емес. Сұрақ мұндай күшті қару қалай қолданылып жатқанында секілді. Егер батыстың сериалдарында әлеуметтік инжинирингпен байланыса отырып, агрессия мен зорлық-зомбылықтың жаман екенін, ерлердің әйелдермен тең құқықтарға ие екендігін, адамдарға түсіне не жыныстық бағдарына қарамастан құрметпен қарау керек екенін, табиғаттың қамын ойлайтынын бейнелесе, ресейліктер не істейді?

Қорытынды: Ресейлік сериалдар қазірде отандық телеарналарда жоқтың қасы болғандықтан, олардың халық ой-санасына әсері айтарлықтай жоқ.

5.Тай сериалдары

41853132.jpg

Басты тақырып: жас кезінде адасқан махаббат, сүймей қосылып бақытты болып кету

 Соңғы жылдары қазақ көрермендерінің арасында танымал болып жүрген Тайландтық телехикаялар да арналарда басым болып отыр. Алайда, біздің ел үшін мүлде жат менталитеттегі ел көрермендерге не ұсынады? Тай телехикаялары басым көпшілігі махаббат пен отбасы ішіндегі тағы махаббатқа арналған. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы науқандарға қарамастан, тайлықтар сериалдарындағы зорлық-зомбылық пен сексизм мәдениетін насихаттауды доғарар емес. Ерлер мен әйел арасындағы қатыгездік пен зорлық-зомбылық көріністері біздің арналардан беріліп жүрген танымал тай телехикаяларынан жиі кездеседі. Олар махаббат пен жеккөрушілік қарым-қатынастарын бірегей етіп көрсетеді: басты кейіпкердегі жігіттің әйел адамын күшпен еріксіз сүйіп, аймалағанын махаббат етіп көрсету шеберлері. Тіпті тайлық көрермендер арасында "соққы-сүйіс" деген термин қалыптасып кеткен, онда қыз жігітті шапалақпен тартса, жігіт қызды қинап сүйеді. Осылайша зорлық-зомбылық пен мәжбүрлілік сүйіспеншілікке негізделіп көрсетіледі. Әрине, мұндай сценалар біздің халық үшін жат дүние.

6. Қазақ телехикаялары

948cd5ee015819504d8605e69b6b6dc4.jpg

Қазақ телехикаялары сериалдар жүйесіндегі мүлдем жаңа ойыншы. Біздікілердің бір сериалдан соң бірін шығара бастағанына, сериалдар нарығына енгеніне көп бола қойған жоқ. Отандық телесериалдардың аудиториясын жинау қиын болып тұр. Көрермендер негізінен алып қарағанда сериалдарды отандық өндірушілерді қолдау үшін ғана көреді-міс.

Басты тақырып: бір ғана тақырып жоқ, бүкіл нәрсе жайлы түсіргенімен де, бір уақытта ешнәрсе жайлы түсірмейтін секілді.

Біздің телесериалдарымызда егер де кейіпкер жақсы адам болса, ол 100%-ға жақсы, ал егер жаман рөлді сомдаса, ол кейіпкер сериал біткенге дейін әлемдегі ең жаман адамға тән қасиеттің барлығын бойынан тамашалай аласыз.

Қазақстандық сериалдарда бір оқиғаның болуы сирек құбылыс, егер ондай құбылыс болғанның өзінде ол кадр сыртында болатыны анық, ал ең маңызды кадрлар ол кейіпкерлер арасындағы бос әңгіме.

Жалпы отандық сериалдардың әлі де болса берері, көрсетері аз деуге болады. Әлемдік сериалдар нарығына енді еніп келе жатқан отандық сериалдардың шыңға шығар ауылы алыс.


Әлемдік әскери қойма, полигон, заводтағы жарылыстар
Қыздар жайындағы 20 дерек
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу