Қыздар жайындағы 20 дерек
Әрбір ару бірегей, қайталанбас. Алайда, әлем аруларына ортақ сипаттама бола алатын 20 деректі табу қиынға соқпады.
1.Қыздардың барлығы делік кішкентайында ғашық болып көрген. Жасырын махаббатының обьектісі сыныптасы, атақты актер, әнші, әріптесі, практикадағы ұстазы болуы мүмкін. Немесе өзінен жиырма жасқа үлкен көршісі.
2.Қыздар кез келген ситуацияда бір зат сатып алады. Не екені маңызсыз, бастысы сатып алу.
3.Қыздардың 90%-ы дүйсенбіден бастап диетаға отырады. Бұл жоспарлары жүзеге аспаса да, олар бұлай айтудан жалыққан емес.
4.Қыздардың көпшілігі оң жағы мен сол жағын шатастыру әдетін әлі тастамаған.
5.Кез келген мәселенің шешімін қыздар бір топ достарының көмегімен шешеді. Бұл жерде мәселенің қаншалықты қиын екені есепке алынбайды. Мәселен, дүкенде сенің киім өлшемің жоқ болса, мұның өзі талқылауға әбден лайықты мәселе.
6.Айырылысқан сәттегі қыздардың барлығы, тегіс олардың бұрынғы жігіттері өкініп, өздерін қайтарып алғысы келеді деп ойлайды, қиялдарында.
7.Көпшілік қыздардың арманындағы жігіттер бұзақы, өркөкірек, «Три метра над уровнем неба» фильміндегі Аче сиякты. Алайда, неге екені белгісіз, тұрмыс құрарда моп-момақан, айтқанын екі етпейтін жігіттерді таңдайды.
8.Жігіттер тарапынан келген лайк, смс, жып-жылмағай көзқарасынан-ақ қыздар тұрмысқа шығып, дүниеге келетін болашақ нәрестелеріне ат ойлана бастайды.
9.90% қыздар жігітпен алғашқы кездесуіне бір апта бойы дайындалса да, кездесу орын алар күні кеміне бір сағатқа кешігеді.
10.Көпшілікке бетәрлеусіз (макияж) шығу, бұл ең қатерлі трюк. Шықсаң тек анаңмен қуыс көшеде, дұрысы түнде.
11.Ғашық болу процессі кезінде барлық қыздар осы адамның өзінің адамы екеніне нық сенімді. Әр ғашық болған сайын.
12.Егер қыздың көңіл-күйі күніне сегіз рет құбылмаса, демек қыз ұйықтап жатыр.
13.Әрбір қызды оның бұрынғы жігітінің жаңа қызы қызықтырады. Мейлі, ол жігітті қыздың өзі ұнатпай қалғанын айтып, аяусыз тастап кетсе де, ол жігітті ақымақ, түкке тұрғысыз деп есептесе де бұрынғысының жаңа қарым-қатынасынан ол хабардар болып отыруы қажет. Бұл жерде логиканың қауқары жетпейді.
14.Бұйра шашты қыздар сыпыртқыдай тік шашты армандаса, шаштарын жылан жалағандай тіке шашты қыздар туылғандарынан бұйра шашты армандаған.
15.Қыздардың дене бітіміне де көңілі толатын кезі болмаған. Тым толық немесе тым арық, тым ұзын тым қысқа немесе қысқа да емес ұзын да емес бір жаратылыспын деп өздерін жазғыратындары бар.
16.Интуиция қыздардың сенімді серіктері. Өйткені қыздардың іштері үнемі бірнәрсені сезіп тұрады.
17.Қыздар қауымы опа-далапты жақсы көреді. Кейде қалтасындағы соңғы ақшасына сапасыз ерін далабын алуы мүмкін, себебі оның қорабы сүйкімді.
18.Әлемде ең көп сөйлейтін әйел – Фран Кэро екен. Бұл рекорд қазақ келіншектерін есепке алмағанда болуы керек.
19.Қыздар үнемі өзімен қол сөмкесін арқалап жүреді, себебі сөмке олардың 13-ші мүшесі сияқты.
20.Әйелдер үшін ең колориялы ас ол шәй, себебі шәй ішкен соң май қосылады, қант, бәліш, шұжық, шоколад, салат, ірімшік, қаймақ, пірәндік...