Ат сүйрейтін трамвай

Oinet.kz 05-06-2019 974

 content_3__econet_ru.jpg                                               

             Жылқыны ауылды жерлерде болмаса да қала көшелерінде көлік ретінде пайдаланатындар өте сирек. Мынадай техниканың дамыған заманында ондай жандарды тіпті кездестіре алмайсыз. Алайда Австралияның Виктор-Харбор қаласының тұрғындары ескіліктен әлі арыла қоймаған секілді. Шаһардағы ат сүйрейтін трамвай адамдардың сұранысы жоғары қоғамдық көліктердің бірі екен. 

«Тірі» трамвайға көпірдің үстінен арнайы жол салынған. Оның ұзындығы 630 метр. Трамвайдың бір вагонына елу шақты жолаушы сыйып кетеді. Ең алғашқы атты трамвайлар  1894 жылы пайда болған. Антикөліктің көмегіне мұнда күніне 150 мың адам жүгінеді екен. 


Мысық денелі қыз
Қолдан ми өсіріп шығарды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу