Мысық денелі қыз

Oinet.kz 05-06-2019 1086

Screenshot_6.jpg

               Қытай елінің кішкентай тұрғыны сирек кездесетін ауруының кесірінен әлемге «мысық денелі қыз» атанып кетті. Әкесінің айтуынша қыздың денесіндегі өзгерістер бір жылдың ішінде орын алған. Бала-бақшаға барып жүргенде кішкентай ғана қара дақты туыстары дәрігерге көрсеткен екен. Олар дақтың қызда туылған кезде барын айтып, еш қауіп жоқ деп сендірген. Алайда жылдар өткесін қара нүкте үлкейіп, енді міне бүкіл денесіне жайылып, жүн басып барады.  Чжао Хинруидің ауруы күн сайын асқынған соң анасы оны керек етпей, әкесіне тастап кетіпті. 

«Қызымның мұндай халін көру мен үшін өте ауыр. Дәрігерлер оған ота жасау керектігін айтқан. Бірақ мен де оны емдететін қаражат жоқ»,- дейді байғұс әкесі. 

Чжао туралы ақпараттар БАҚ құралдарында жариялана бастаған соң тұрғындар қайырымдылық қорын құрыпты. Қазір онда қайырымды жандардан біраз қаражат жиналған көрінеді. Жақында қызға ота жасалмақ. Кемшілігінен қымсынатын қыздың арманы тезірек жазылып, өзге балалар секілді ашық, қысқа киім кию.  

Жердегі кемпірқосақ
Ат сүйрейтін трамвай
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу