Жердегі кемпірқосақ

Oinet.kz 05-06-2019 1141

3_20190204151544.jpg     

      Құм басқан дала сұрықсыз, көңілсіз көрінеді деп ойласаңыз қателескеніңіз. Себебі құмды дөңдер де табиғаттың сұлу жаратылған бір көрінісі. Сенбесеңіз Маврикий аралына барып көріңіз. Онда сіз таңғажайып пейзажға тап боласыз. Құмнан басқа ештеңе көрінбейтін аймақтың бір ерекшелігі  құм төбелер түрлі-түске боялған. Нақтырақ айтқанда құмдар кемпірқосақ секілді жеті түрлі жолақты  реңк береді. Мұндай кереметті әсіресе күн батарда тамашаласаңыз әсерлірек. Бұл тек күннің көзіне шағылысудан туған құбылыс емес. Түрлі-түсті құмдар тропикалық жаңбыр кезінде де түсін өзгертпейді.   

Ғалымдар қызыл, жасыл, сары құмдардың кезінде жанартаудың атқылауынан  пайда болған деседі. Темір мен алюминиидің қосындысы құмға осындай түрлі-түсті реңк беретін көрінеді. Алайда зерттеушілер құмның жолақ-жолағымен орналасқанын яғни түстердің неліктен бір-бірімен араласып кетпейтінін  бүгінге дейін дәлелдей алған жоқ. 

1960 жылдан бері бұл өңір Маврикийдің басты қонақжай алаңына айналған. Қазіргі таңда туристерге құмды аралды аралауға тыйым салынып, кұм төбешіктер ағаш қоршаулармен қоршалған. Дегенмен олар қоршау сыртынан дөңдерді тамашалай алады. 

Стив Возняк жайлы не білеміз? (Видео)
Мысық денелі қыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу