Интернет-магазин FR Group ждет
04-01-2023
Маусымның өзгеруі - гардеробты жаңартуға, сәнді эксперимент жасауға тамаша уақыт. Өйткені, бұл көптеген жаңа заттарды сатып алумен шектелмейтін процесс. Мінсіз гардеробты жыл өтсе де актуалдылығын жоғалтпайтын киімдер толықтырады : былғары аяқ киім, көйлек немесе Джерси. Сән көшінен қалмайтын киімдер шоғырын назарыңызға ұсынамыз. Гардероб жаңартқанда кәдеңізге жарасын!
Ұзын етік
Фото: Christian Vierig
Қонышы ұзын етікті етегі төгіліп тұратын көйлекпен (қазірде актуальды киім), Бермуд шортымен немесе траншеямен үйлестірсеңіз күзде тамаша образ жасай аласыз. Осы маусымда kitten heel үлгісіндегі өкшесі бар аяқ киім таңдаңыз.
Текстуралық трикотаж
Фото: Christian Vierig
Текстуралық трикотаж жыл мезгіліне қарамастан әрдайым маңызды. Бұл үлгідегі киім сән индустриясында елеулі орын алады. Гардеробыңыздағы базалық киімдердің ескірмес бөлігі болуға әбден лайық.
Кең көйлек
Фото: Jacopo Raule
Кең миди көйлек - жаз бен күздің арасындағы гардеробтың ең кретаив элементі. Сіздің образыңызда тек аяқ киім ауыстырсаңыз болғаны.
Еркін принт
Фото: Claudio Lavenia
Егер сіз Prada, Gucci немесе Fendi коллекцияларын көрген болсаңыз, олардың арсеналында жарқын, батыл реңкті байқаған боларсыз. Еркін принтті барлық сәнді инфлюенсерлердің күзгі киімдерінде де көресіз.
Былғары шалбар
Фото: Kirstin Sinclair
Леггинстерге ұқсас тар былғары шалбардың орнына кеңірек нұсқаны таңдаңыз. Қонымды киім, керемет көрініс сыйлайтын былғары шалбарды заманауи шкафтың негізгі элементтерінің біріне айналдырды.
Пальто
Фото: Matthew Sperzel
Күз-пальто уақыты. Сіздің образыңызға бірнеше аяқ киім жеткілікті. Бір ғана пальтомен идеалды киім үлгісін жасап шығара аласыз.
Кең шалбар
Фото: Claudio Lavenia
Бұл күзде барлық ең актуальды образдың элементі ретінде кең шалбар ұсынылады. Осы үлгідегі шалбарлар бірнеше уақыт сән әлемінен ысырылмайды. Сондықтан, батыл хәлде кең шалбар алсаңыз болады.
Үлкен блейзер
Фото: Christian Vierig
Кең шалбармен не жақсы үйлеседі? Әрине, үлкен блейзерлер. Бұл үрдіс өткен жылы мегапопулярлы болғанымен, қазір де өзектілігін жоғалтпайды.