Балаға қонақ күтуді үйреткен жөн!

Oinet.kz 09-03-2020

Баланың көпшіл, қонақжай болып өскені жақсы. 

8c406bbd-8de9-4673-a06b-15a8ea330623.jpg

Балаға келген қонақтың қамын жасауды әкесі айтып, үйретуі керек. Сонда бала өзін сол үйдің егесі, әкесінен кейінгі бас көтерер азаматы ретінде сезіне бастайды. Мысалы, балаға мына сездерді айтып, оны үлкендерді сыйлауға үйрете беріңіз: 

1. «Балам, қонақтың алдынан шық»; 

2. «Балам, үлкен кісілердің киімін ал»; 

3. «Балам, қонақтарға құманмен су әкел»; 

4. «Балам, қонақ, келгенде «төрлетіңіздер, үйге кіріңіздер» деп айтуды үйрен»; 

5. «Балам, қонақтарға көрпе төсе»; 

6. «Балам, қонақтарға қымыз ұсын»; 

7. «Шынтағына жастық бер»; 

8. «Ас ұсын»; 

9. «Үйдегі барды алдына тос»; 

10. «Балам, қонақтарды шығарып сал».

Міне, осы нәрселерді айтып, үйретіп отырсаңыз, бала қызмет ете жүріп, үлкендердің тілек, батасына ілігуге, барынша кішіпейіл, өзгелерге жұғымды болуға мүмкіндік алады. Оның үстіне, қонақ күту деген - ерекше сауапты амал. Қазақ «қонақ құтымен келеді», «қонақ он береке әкеліп, тоғызын сол үйге қалдырып кетеді» деп бекер айтпаған. Қонағына құрмет көрсете алатын адам Алланың разылығына, сыйына бөленеді.

Әрбір қазақ қызы оқуы тиіс кітаптар
«Made in»-нің мәнісі

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×