Еңіреп жылау нәрестеге пайдалы

Oinet.kz 16-01-2020 970

Screenshot_27.jpg

Еңіреп жылау нәрестеден біраз энергияны талап етеді. Американдық ғалымдардың айтуынша, бұл процесс баланың тыныш жатқан күйіне қарағанда 30% көп энергияның жұмсауына әкеледі. Бірақ сонша энергияның осылайша бөлінуін ғалымдар әлі түсіндіре алған жоқ. Кей зерттеушілер бұлай жылау сәбидің бойында кездесетін стрессті жеңілдетеді дегенді алға тартса, келесілері боздап жылау баланың тыныс алу жолдарын ашып, көздерін микробтардан қорғайды дейді. Сондай-ақ нәресте дүниеге келген кезде көздерінен «ерекше жас» бөлінеді екен. Ол сәбидің көздерінің айналасын жұмсартып, инфекциядан қорғайды. Ал бір жарым ай өткеннен соң бала «шынайы жас» шығарып жылай бастайды.

Резус-фактор термині қалай пайда болды?
Ішегінде құрт өсірген ғалым
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу