Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Көгершін адамзат баласы үшін ерте заманнан бері қызмет етіп келеді. Ақылды құсты алғашқыда хат-хабар тасушы ретінде қолданғаны белгілі. Пошташыдан бөлек көгершіндер медицина саласына да атсалысқан екен. Олар ертеректе Англия мен Францияда жырақта жатқан елдімекендерге қан сынамасын тасыған көрінеді.
Қолға тез үйренетін құсты өз пайдасына жаратушылар да кездеседі. Ауғанстаннан Пәкістанға есірткі тасу үшін адамдар көгершіндердің тобын жіберіп, заңсыз бизнесін дөңгелетуі осыған дәлел.