«Күлгін түсті күн» дегенді естігенсіз бе?
«Күлгін түсті күн» дегенді естуіңіз бар ма? Бұл – эпилепсия ауруына шалдыққан науқастардың мейрамы. 2008 жылдың 26 наурызынан бастап аталып өтіледі.
Атаулы дата күні науқастарға көмек беріп, демеу болғысы келген жандар күлгін түсті киім киіп, кеудесіне лента тағып алады. Шараға студенттерден бастап саясаткерлерге дейін ат салысатын көрінеді. Мерекені эпилепсияға шалдыққан тоғыз жастағы Кессиди Меган он екі мүшесі сау балалардан еш айырмасы жоқ екенін көрсету үшін ойлап тауыпты.