Психологиялық тест: Сіздің жасырын ішкі жан-дүниеңіз
Бұл тесттегі сіздің жасырын тұсынызды өзіне қамтығантоғыз көздің ішінен өзіңізге ұнаған біреуін таңдап көріңіз. Көп уақытыңызды құртпай, алғаш көзіңіз түскен суретті таңдап, төмендегі жауаптарды оқыңыз.
1. Әрбір ойыңыз бен сезіміңіз шынайы жүректен шығады. Сіз бәрін басқаларға қарағанда тереңірек сезінесіз. Ішкі түйсігіңіз әркез сізді ақшаға бастап барады, мүмкін бұл жайлы білмейтін боларсыз. Өзіңіздің нені қалайтыңызды, талапшылдығыңыз бен қорқынышыңызды жақсы білесіз. Сіз тым тәуелсізсіз. Адамдар сізді жұмбақ әрі тартымды деп санайды, бірақ кейде сізден қорқады. Көп жандар сізден аяқ тартады. Олар сіздің мықты әрі маңызсыз себептерсіз көзқарасыңызды өзгертпейтіңізді жақсы біледі. Сырт көзге талапшыл болып көрінгеніңізбен, іштей тым жұмсақ жансыз.
2. Сіз өте байқағыш жансыз. Сіздің қиялыңыз терең, әрі мықты сөлейсіз. Өзіңіздің сөзшеңдігіңіздің арқасында ойыңызды жақсы әрі тиянақты жеткізесіз. Барлық жағдайда жақсы ой қалыптастырасыз. Ұзақты бақылағанда ұнатасыз, себебі әлемге сүйіспеншілікпен көз саласыз. Адамдар сізді сезімтал және жанашыр деп ойлады, өйткені сіз өз жақындарыңызға өте қамқор жансыз. Сіз әлемге ашық көзқараспен қарап, өз қабылдаған шешіміңіздің дұрыстығына сенімдісіз.
3. Сіз мақсаты анық, жетістігі көзделген жансыз. Өмірде кезігетін қиын жағдайлардың өзінде де берілмей, мақсатқа қарай нақты қадамдармен жүресіз. Сіз өте энергияға бай, басқару әрі мотиваторсыз. Әркез жеңімпаз боллғанды қалайсыз. Бұл сіздің өмірді жақсы сезінуіңізге өз септігін тигізеді. Сіз өте бәсекеге қабілетті жансыз. Өмірді үлкен бір ойын алаңына ұқсатып, ондағы көп мүмкіндікті дұрыс пайдаланып қалуды ойлайсыз. Өз қабілетіңізді жақсы біліп, оны дамыту арқылы өмірден өз орныңызды табуды көздейсіз.Өзгелердің сіз жайлы пікірі сізді мүлдем қызытырмайды. Алға қойған мақсатыңызды орындамай тынбайсыз. Осы қалпыңыздан таңбаңыз!
4. Сізге қоршаған ортамен өмір сүрген ұнайды. Өмірді қызықты саяхат жасап жатырмын деп елестетесіз. Шынайы өмір сүруге тырысмасыз әрі осы шынайылығыңыз сенімділігіңіздің басты белгісі. Өзіңізге болмысыңыз қатты ұнайды. Тиянақты әрі қызығушы жансыз. Әркез жаңа дүниені үйренуді ойлап жүресіз. Адамдар сіздің көңілді әрі сабырлы адам ретінде таниды. Сіз өмірден бақыт пен қуаныш іздеген еркін жансыз.
5. Сіз өмірдегі ең сезімтал жанның бірісіз. Әлемдегі барша тірі жандыларға, жануарлар мен өсімдіктердің бәріне өте жанашырлықпен қарайсыз. Әлемге өзіңіздің сезімтал көздеріңізбен шынайы қарайсыз. Кейде адамдардың шешімімен келіспесеңізде, неліктен олардың мұндай шешім қабылдағаның түсіне аласыз. Түсінігіңіз мол. Айналадағы жандар сізді әлсіз деп қабылдайды. Өкінішке орай, олардың ішкі күш-қуатыңызды біле алмайды. Жанашыр жан болғаныңызбен, бірақ ешқашан қорықпайсыз. Сіздің жүрегіңіз мейірім мен шынайылыққа толы.
6.Сіз өте тапқыр әрі көрнекті жансыз. Сіздің қиялыңыз кез келген нақты жағдай туралы бейнені миыңызға толық бір бейне ретінде салып береді. Әлемді бірегей деп түсінесіз, өйткені онда тек іштей қарайсыз. Айналадағы жандар сізді кереативті адам ретінде таниды. Сіз секілді болғысы келеді, бірақ неден бастарын білмей дал болып жатады. Сіздегі жаңашылдық ойлар мен тамаша идеялар қашанда өзіңіз үшін қызмет етеді.
7. Сіз идеалистік және романтикалық адамсыз. Әлем жайлы көп ойланбайсыз, қалай бар солай қабылдайсыз. Әлемді, өзіңіз бен басқаларды шынайы түрде қабылдайсыз. Бұлай дұрыс емес екенін білесіз, алайда сізге осылай қабылдаған оңайрақ. Көп ойланғыңыз келмейді. Барлығынан үміт күтесіз, өзіңіз секілді өзгелерде не үшін өмірді жақсартуға талпынбайтыны ойланбайсыз. Айналадағылар сізді аңғал деп ойлайды. Ешнәрседен үміт үзгіңіз келмейді.
8. Сіз өте мейірімді әрі достық сүйгіш жансыз. Өзгелермен жылы шырай танытып, жақсы қарым-қатынаста боласыз. Адамдар сіздің қасыңызда өздерің жайлы сезініп, сізбен сөйлескенді ұнатады. Өміріңізді белсенді өткізуге, жетістікке жетуге тырысасыз. Өзіңіздің мақсатыңызды айқын білесіз, әрі сол жолда нақты қадамдар жасаудасыз. Әрбір жаңа күн сіз үшін жаңа мүмкіндіктердің есігін ашып береді. Айналадағы жандар сізді әрбір ісіңізге деген жауапгершілігіңіз бен сенімді серіктігіңіз құрметтейді. Сіздің белсенділігіңіз қзгелерге үлгі болып, күш сыйлайды.
9. Қазіргі уақытта сіз аздап қиналып, депрессиялық жағдайда жүрсіз. Соңғы кездері өмірің қиын болды және көз жасыңыз стресстен арылудың жолы. Әлемді қорқынышты әрі қауіпті сезінесіз. Алайда, өмір сіз ойлағандай қорқынышты емес. Бастысы сіз тек өз ойыңызды өзгерте аласаңыз болғаны. Бұл бақытсыздығыңыздың уақытша екенінің ұмытпаңыз. Бәрі артта қалады. Жүректегі мұңды сыртқа шығарып, жеңілденіп өмір сүріңіз. Бастысы жарқын болашақтан күдер үзбеңіз.