Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Елде бірінші ханым болу бұл жоғары мәрте болғанымен, өзіндік жауапгершілігі де жоғары. Ерінің есіктегі басын төрге сүйрейтін де, төрдегі басын есікке сүйрейтінде әйел заты болғандықтан ер адамның өмірінде әйелінің алар орны қашанда маңызды. Бір отбасының емес, үлкен бір мемлекеттің қамын ойлап жүрген президенттің әйелі әрі кеңесші болу үлкен жауагершілікті талап етеді. Көбіне елдегі бірінші ханымдар әлеуметтік жәрдем көрсетумен, кітап жазып және қайырымдылық фондын ашып, сонымен бірге музыкалық аспаптарда ойнап, әрқилы ұлттың тілдерін үйреніп өздерің жан-жақты дамытып жатады.
Енді біз сіздерге әлемдегі танымал бірінші ханымдардың тізімін көрсетеміз.
Түркияның бірінші ханымы – Эмине Гюльбаран Эрдоған
Эмине Эрдоған 1955 жылы 21 ақпанда Стамбулда дүниеге келді. Ол араб тегінен болып, бес балалы жанұяның кенже қызы. Мидхата Паша атындағы «Акшам» мектебіне оқуға түсіп, бірақ соңына дейін аяқтамаған. «Идеалист әйелдер қауымдастығы» іс-шарасында Эрдоғанмен алғаш кездесіп, кейіннен 1978 жылы 4 ақпанда отбасы құрады. Қазіргі уақытта 4 перзенттің ата-анасы. Эмине Эрдоған 2014 жылы 298 тамызда Түркия елінің бірінші ханымы атанды.
АҚШ-тың бірінші ханымы – Мелания Трамп
Мелания Кнавс 5 мың тұрғыны бар Югаславияның Севница қалашығында 1970 жылы 26 сәуірде дүниеге келген. Балалық шағында өзінің сырт келбетінен ұялатын кыз он алты жасында нағыз хас сұлуға айналады. Болашақ ерлі-зайыптылар 1998 жылы KitKat клубының ұйымдастырған кешінде кездеседі. Басында жәй ғана таныстықпен басталған қарым-қатынас уақыт өте нығайып, 2005 жылдың қаңтар айында отбасын құрады. Бұл кісілердің тойлары ең көп,яғни 45 мың доллор қаражат жұмсалған той болып халық жадында қалды. Қазіргі таңда Бэррон есімді ұлдың ата-анасы.
Қытайдың бірінші ханымы Пэн Лиюань
Пэн Лиюань 1962 жылы 20 қарашада Шаньдун қаласында дүниеге келген. 24 жастағы әнші Пэн Си Цзиньпинмен 1986 жылы кездесті, ол осы уақытқа дейін Қытайда танымал суретші болған. Сарапшылар Пэн сұлулығын Қытайдағы символдық маңызды тұлғаға айналдыратыт жеке қасиеттермен анықтайды: табиғи деректер, көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесі, идеологиялық риторика шеберлігі, қарулы күштердің элитасында қызмет етуі мен шығыс мемлекетінің көшбасшысына тұрмысқа шығу. Қазіргі таңда Си Минцзэ есімді қыздың ата-анасы.
Солтүстік Кореяның бірінші ханымы – Ли Соль Чжу
Ли Соль Чжу ханымның нақты қай жылы дүниеге келгені жайлы мәлімет жоқ. Ким Ир Сена атындағы университетінің түлегі. 2009 жылы Ким Чен Ынмен отбасы құрып, қазіргі уақытта 3 баланың анасы. Кейбір сыншылардың айтуынша, Ким Чен Ын әйелінің ықпалымен Солтүстік Корея әйелдерінің сыртқы келбетіне қатысты кейбір жеңілдіктер жасады. Мәселен, енді оларға шалбар костюмдері мен джинсы, қара колготки, платформалы аяқ киім және биік өкше киюге рұқсат етілді. Сонымен қатар әйелдерге велосипед айдауға салынған тиым алынылып тасталды.
Әзірбайжанның бірінші ханымы – Мехрибан Алиева
Әзірбайжан Президентінің 54 жастағы әйелі Мехрибан Алиева сұлулығымен танымал. Ильхам мен Мехрибан Алиева 1983 жылдан бері үйленген. Олардың екі қызы және бір ұлы бар. Мехрибан күйеуінің барлық дерлік геосаяси кездесулеріне қатысады. Оның заманауи өнер коллекциясы Бакудегі жаңа заманауи өнер мұражайының негізі болып табылады. Оның бірнеше банктері, сақтандыру, құрылыс және туристік компаниялары бар отбасылық бизнесі де үлкен қызығушылық тудырады.
Өзбекстанның бірінші ханымы - Зироатхон Хошимова
Өзбекстанның бірінші ханымы туралы мәліметтер өте аз. Зироатхан Хошимова діндар және өте ауқатты отбасында өскен. Ойхон Махмудовна, Ферғана облысы Қоқан қаласының тумасы. Ирригация және ауылшаруашылық механизация институтында. Ойхон үздік оқып, болашақ күйеуімен кездесті. Шавкат Мирзиёев ол кезде институттың комсомол комитетінің хатшысы болған.