Ақ ләйлектің қанаты неге қара?

Oinet.kz 17-12-2019 3393

Жалпы жер бетінде 8600-ге жуық құстардың түрі бар. Осыншама алуан түрлі құстардың арасынан Ләйлек құсы (Аист) қасиетті және ерекше деп саналады. Осыған байланысты Славян және үндіеуропа халықтарында  аңыздар өте көп. Ең ежелгі аңыз бойынша бір адам  құдайдың қаһарына ұшырап, жаза ретінде Ләйлек құсқа айналады.  Құдай жер бетіндегі барлық жорғалаушыларды (құрбақа, кесіртке,жылан т.б) бір қапқа салып, көздерін құрту үшін адамға бұйрық береді. Алайда адам ол бұйрықты орындамайды. Қызығушылықпен қаптың аузын ашып қарағанда, ішіндегі барлық жорғалаушылар еркіндікке шығып, жер бетіне тарап кетеді. Осылайша құдай оны Ләйлекке айналдырып, жер бетін жорғалаушылардан тазартуды әмір еткен. Сол кезде Ләйлектің ұяттан аяғы мен мұрны қызарып кеткен екен. 

image.png

Басқа  бір аңыз бойынша Ләйлек мейрам күні жұмыс істегені үшін құсқа айналған шаруа адам көрінеді. Содан бері ол үнемі соқа тартып жүретін болыпты. Ләйлектің қанатының түсі неліктен қара екендігі туралы мынадай деректер бар. Әкесі анасы және екі баласы  шатыры қамыстан тұрғызылған бір үйде өмір сүріпті. Сол шатырда  Ләйлектің ұясы бар екен. Бір күні үйден өрт шығып, жалын шатырға дейін шарпып кетеді. Күйгелектенген Ләйлектер үй қожайындарын көмекке шақырып, шырылдай бастайды, алайда олар бейшара құстарды естімей, алыс кетіп қалады. Сонда да құстар қызыл өрттен қорықпай, үйдің ішіне кіріп, екі баланы өрттен алып шығады. Содан бері олардың қанаттарының ұштары өрттен қарайып қалған дейді. Ләйлек бір кездері адам баласы болғандықтан, кейде оны адамның есімдерімен де атайды: Иван, Богдан, Адам, Василий т.б. Оның кейбір жерлері мен қасиеттерін адам бойындағы қасиеттермен  де салыстыруға болады. Мысалы, Ләйлектің аяғы адамның аяқтарына ұқсайды, және олар адамдардың тілі мен жан-дүниелерін түсінеді дейді ғалымдар. Христиандардың сенімдері бойынша, тіпті бір кездері оларда адамдар секілді сөйлей алатын болған көрінеді және шаңғылы күнәға батқан адамның өкініші мен зарын елестетеді екен. Ләйлектер ешқашан бір-бірінен ажырамайды. Егер жұптарының біреуі өлетін болса, екіншісі де өз еркімен өледі екен. Румяндықтардың айтуынша Ләйлектер ұясын бұзған адамнан міндетті түрде кегін алады екен. Олар қызып тұрған ағаштың бөлігін  үй шатырына әкеп, кек алатын адамын қанатымен алдап шақырып алып, өрттің арасына қалдырып, күлге айналуға мәжбүр етеді. 

Молдава халықтарының мифтерінде ақ Ләйлек жүзіммен байланыстырылады. Түріктер Молдаваның Городеш қамалын басып алған кезеңде, жауларымен алысамыз деп азықтары мен сулары таусылап, әбден әлсіреп қалады. Кенеттен қатты жел тұрып, қамалдың төбесінде  ақ Ләйлектер қаптап кетеді. Қанаттарымен жауларды қамал үстінен құлатып, жүздеген ақ қанаттылар тұмсықтарына Молдава бақтарында өсетін жүзімнің бір шоғын қыстырып, қамал ішіндегі аш адамдарға тастайды. Аштық пен шөлден құтылған қамал егелері қайтадан күш жинап, жеңіске жетеді. Сол уақыттан бері Молдавалықтар ерекше құсты қатты құрметтейтін болған.  

Ләйлек десе баршамыздың  көз алдымызға адамдарға бүлдіршінді қанатының астына алып жеткізген мейірімді құс елестейді. Аңыздарға жүгінсек ертедегі адамдар әлі дүниеге келмеген сәбидің рухы  жұмбаққа толы, айналасын теңіз қоршаған мекенде өмір сүреді деген сенім болған.  Әлгі жұмбақ мекеннен тек Ләйлек қана сәбидің рухын тірілтіп, осы өмірге алып келеді-мыс. Еретедегі немістер ақ Ләйлекті құдайдың жер бетіне жіберген қорғаушысы және ұзаққа созылған қыс айынан кейін аспаннан жаңа өмір әкелуші ретінде қабылдаған. Ал славяндар Ләйлек құсы көктемді ала келген және онымен бірге құс кейпіндегі жаңа туылған сәби мен ата-баба рухы ұшып келеді деп сенген.

Ләйлекке байланысты ырым-тиымдарда көп. Егер Ләйлек қонысыңызға жақын жерден ұя салса онда жақында отбасыңызда нәресте дүниеге келеді деген сенім болған. Ал шатырыңыздың төбесіне ұя салса өрт пен найзағайдан аулақ боласыз. Швейцария елінде отбасында сәби дүниеге келгенде үйдің төбесіне сәбиді қанатының астына алған Ләйлектің бейнесі кестеленген жалауды іліп қоятын болған. Аяғы ауыр әйелдер сәтті босану үшін Ләйлектің бейнесін мойындарына тұмар қылып тағып алтаны да болған екен.  Ал Тесаллиде ақ Ләйлекті өлтіргені үшін өлім жазасына кесетін болған. Грецияда Аристафон мен Софоклдің заманында Ләйлек ата-ана қамқоршысы ретінде саналған. Яғни бала ләйлектер қартайған құстарды өз қауырсындарымен «киіндірген» көрінеді. Ал заростризмдерде Ләйлек күнтізбеде бір жылдың мағынасында түсіндірілген. 

Адамдар алғашқы рет көктемде Ләйлектерді көргенде мынадай ырымдырды ұстанады екен:

Ұшып жүрген Ләйлек – денсаулық, егінннің сәтті шығуы және тұрмысқа шығу

Қимылсыз тұрған Ләйлек – аяқтың ауыруы, өлім, құрғақшылық, үйленбей қалу

Қонып тұрған Ләйлек – биік зығыр (высокий лен)

Жұптасқан Ләйлек – отбасылы немесе балалы болу

Егер Ләйлекті алғаш кездестірген сәтіңізде қалтаңызда ақша болса онда байлық, ал керісінше ақша жоқ болса шығынға батасыз  деген сөз, сондай-ақ егер қалтаңызда кілт жүрсе онда молшылықты білдіреді. Алғаш көктемде Ләйлектің шулаған дауысын естісеңіз жақсылықтың белгісі емес жыл бойы таршылықты сезінуіңіз мүмкін. Ләйлекті бірінші рет көріп тұрсаңыз міндетті түрде оның соңынан еріп, аяқтарыңыз ауырмас үшін, отырып-тұруыңыз қажет. Ләйлекті көрген кезіңізде жіпті түйіндеп байласаңыз, жаз бойы жыланды кезіктірмейсіз.

Сонымен, Ләйлек туралы аңыздар осылай дейді. Аңыздардың да астарында бір шындықтың жататыны анық қой.  

Ғаламторсыз да газет шыққан...
Әйелдер мен еркектер базарға қалай барады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу