Мінез қай мезгілді ұнататыныңызға байланысты

Oinet.kz 12-12-2016 1079

Таңсәріні ұнататындар үнемі Басқалардың алдын­да жүреді. Әрбір күнді өміршеңдік күшпен, жалынды жігермен қарсы алады. Олардың бәрі денсаулығы мықты, әрі әзілқой болады. Ондай адамдар қол қусырып қарап отыра алмайды, үнемі жұмыс істеп жүреді. Сәскені ұнататындар белгілі бір тәртіппен жүргенді ұнатады. Өзіне бір жұмыс тапсырылса, оны қанша уақытта бітіретінін алдын ала біліп тұрады. Олардың жұмыс істеу қабілетін достары да жоғары бағалайды. Түс мезгілін ұнататындар айналасындағылармен тез тіл табысады. Сөзге шешен, өте ықыласты адамдар болғандықтан, достарының қолдап-қуаттауына ие бола алады. Өзгелерден үйренгенді жақсы көреді. Түстен кейінгі мезгілді ұнататындар жұмыс істегенде басқаларға сылбыр секілді әсер қалдырады. Жұмысты бастаса, оңайлықпен доғара қоймайды. Мұндай адамдарда жеткілікті күш пен қабілет болады. Өзгелер төрт-бес сағат уақыт жұмсап әрең бітіретін жұмысты олар екі-ақ сағатта орындай алады. 

image.png

Күн ұясына кірген мезгілді ұнататындар достарын­ өте жақсы көреді, достыққа өте мән береді. Оның үс­тіне олар отбасындағыларды қатты ұнатады, олармен ұзақ уақыт бірге болуды қалайды. Кешкі мезгілді ұнататындар теледидар, кино кө­руді немесе кітап оқуды ұнататын, білімді жандар. Бұл түрдегілер заманға ілескіш келеді. Сонымен бірге атқаратын шаруаларын ой елегінен өткізіп, алдын ала жоспарлап отырады. Түн жарымын ұнататындар өзіне толық сенеді. Еркін ойлы, біреуге тәуелді болуды ұнатпайды және өзгелерге ұқсамайтын жандар. Арнайы уақыт белгілеуді ұнатпайтындардың кез келген жағдайға бейімделу қабілеті өте жоғары болады. Қағылез де құнтты жандар саналады әрі жоспарына үнемі өзгеріс енгізіп отырады. 
Дереккөз: massaget.kz

Ең танымал дәрігер әйелдер
Әз-Наурыздың символы не?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу