Әлемдегі ең ұзаққа созылған ота
1951 жылдың 4-8 ақпаны аралығында 96 сағатқа созылған әлемдегі ең ұзақ ота жасалынады. Ота барысында Чикаго госпиталінің дәрігерлері 58 жастағы Гертруда Левандовскидегі аналық бездің үлкен ісігін алып тастайды. Бұл әлемдік медицина тарихындағы ең ұзақ операция болып саналады. Операция басталғанға дейін Гертрудтың салмағы 277 кг болса, операциядан соң – 138 келіге дейін түседі. Хирург пациенттің қан қысымының күрт төмендеуін болдырмау үшін сарысулы ісікті барынша абайлап және баяу алып тастайды.