Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Әлемдегі ең ұзын әрі ең қымбат субұрқақ Дубайда орналасқан. Оның ұзындығы 270 метр, судың атқылау биіктігі 150 метрге дейін жетеді. Егер көпқабатты ғимаратпен салыстырар болсақ су шамамен 50 қабатқа дейін көтеріле алады. Әйгілді субұрқақ 25 түрлі-түсті және 6600 қарапайым жарықтармен жарықтандырылған. Көпшілікті тәнті еткен музыкалық субұрқақ БАӘ-дегі атақты Бурдж-Халифа ғимаратының жанында орналасқан. Дубай фонтаны бір секундтта ауаға 83 тонна суды көтере алады. Мұндай ғажайып көріністі тұрғындар мен туристер кешкі алтыдан он бірге дейін тамашалай алады.