«Кариб теңізінің қарақшылары» туралы қызықты деректер

Oinet.kz 06-11-2019 1617

Пираты Карибского моря.jpg

Әлемдік кино тарихындағы ең көп ақша жұмсалған кинокартина "Кариб теңізінің қарақшылары" атты фильм болды. Ол Кариб теңізіндегі шытырман оқиғаларды суреттейді. Алғашқы бөлімі 2003 жылдан бастау алып, осы уақытқа дейін бес бөлімі түсіріліп үлгерді. Алайда, оның бірінші сериясының өзіне 300 миллион доллар ақша жұмсалды. Мұндай бюджеттік кино бұрын сонды түсірілмеген еді. Алайда, бұл фильм кейін әлемдік прокатта 1 миллард доллар табыс тапты.

Аталған фильмде ойлап табылған теңіз капитаны Джек Воробейдің қызық та қиын жолдары, теңіздегі қарақшылармен таңғажайып шайқастары, айла- әрекеттері көрсетіледі. "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмінің арқасында актер Джонни Депті бүкіл әлем танып, ол ең бай адамдардың біріне айналды. Себебі, бұл фильмнің бес сериясынан 4,5 миллиард доллар пайда түскен екен. Сонымен қатар, бұл картина көптеген кино саласындағы силықтарды жеңіп алды.

Жалпы, әлемдік кино тарихында өзіндік орынын алған басқа да "Гладиатор", "Троя" сынды фильмдер неліктен "Оскар" сыйлығын дер кезінде ала алмаған. Оның басты себебі фильмді түсіру кезінде кеткен қателіктер болатын. Мәселен: Гладиатор фильмінде Колизей ішіндегі батырлар шайқасында оны тамашалап отырған адамдардың бірі джинсы шалбар киіп отырғандығы көрініп қалған. Ал, Троя фильмінде Ахилесстің кемеден түсіп, жағаға беттеген тұсында камерадан аспанда ұшып бара жатқан шағын ұшақ байқалады. Міне, айта берсе киноға қатысты да осындай қызықтар көп...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Брюс Ли туралы қызықты деректер
Чжан Руифанг - мүйізді әже
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу