Брюс Ли туралы қызықты деректер

Oinet.kz 06-11-2019 1450

Брюс Ли.jpg

Брюс Ли өте шапшаң әрі соққысы аса жылдам адам болған. Оның соққысына адамның көзі емес, камералар да ілесе алмаған.

Спортшының қатысуымен кезекті Голливуд фильмін түсіру кезінде бір секундта 24 кадр алатын камера Брюс Лидің соққысын дәл түсіре алмай, ол 32 кадрлік камераға ауыстырылған.

Сөйтіп, Брюстің соққысының жылдамдығы 1 метр жерден 0,5 секунд деп есепке алыныпты. Яғни, онымен жекпе- жекке шыққан адам көзді ашып жұмғанша бір жағына шығатын болған.

Брюс Лидің ерекше жылдамдығы мен спорттық жетістіктерін әлі ешкім қайталаған жоқ. Ол бір қолмен ғана тұрып, екі саусағымен 50 рет отжымания жасай алған.

Сонымен қатар, жарты сағат бойы кез келген нүктеде престі ұстап тұрып, тұрған жерінен 2,5 метр биіктікке дейін секіріп кететін. Ол өзінің жекпе- жектегі қарсыласын 11 секундта-ақ нокаутқа жіберген.

Алайда, бұл ең жылдамы. Ал, қалың кірпіштерді сындырып, сіріңкені жұдырық соққысымен жағу Брюс Лидің күнделікті ісіне айналып кеткен еді.

Осындай мықты адамның ғұмыры қысқа болды. Ол санаулы ғана фильмге түсіп, кейін жұмбақ жағдайда қаза тапты. Брюс Ли өзінің баласы Брэндан Ли екеуі АҚШ - тың Сиэтл қаласында жерленген...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Күннің батуының ғарыштан түсірілген фотосы
«Кариб теңізінің қарақшылары» туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу