Черчилльдің «ішкі дауысы»
11-01-2024
Онда бұғаздың қақ ортасында тұрған екі арал көрінеді. Оның сол жағында тұрғаны үлкендеу Ратманов аралы Ресейдің иелігінде болса, оң жағындағы шағын Крузенштерн аралы АҚШ- қа тиесілі.
Бір қызығы, осы екі аралдың қақ ортасынан теңіз арқылы шекара өтеді.
Алайда, бұл екі аралдың арасы небары 4 шақырым екен. Ресей мен АҚШ- ты 4 шақырым жер бөліп тұр деген әңгіме осыдан шыққан.
Ратманов аралы Чукотка түбегі маңында болса, Крузенштерн аралы Альяска штатына бағынады. Алайда, бұл екі аралдағы уақыт жер мен көктей.
Мәселен: Беринг бұғазынан Ресей мен АҚШ арасындағы сағат белдеуі ауысады.
Ол 12 сағат айырмашылыққа тең.
Яғни, Чукотка маңы Ресейдегі сағатпен жүрсе, Альяска жағалауы АҚШ- тың батысына тән сағатпен жүреді екен.
Қызық. Арада, небары 4 шақырым жер ғана. Бірақ, 12 сағат айырмашылықпен жүреді...
Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан