Экватор сызығы туралы қызықты деректер

Oinet.kz 06-11-2019 2400

Эквадор сызығы.jpg

Жер бетіндегі оңтүстік және солтүстік жарты шарларды өзара бөліп тұрған Экватор сызығы бар екендігі белгілі.

Оның ұзындығы 40 000 шақырымнан асады екен. Алайда, кейбір елдерде дәл сол экватор сызығы өтетін нүктелер ешбір физика заңдылықтарына бағынбайды.

Африкадағы Кения республикасы теңіз деңгейінен 2200 метр биікте орналасқан. Бұл елдің қақ ортасынан Экватор сызығы өтеді. Егер, сіз мына қойылған белгіден ары өтсеңіз солтүстік, бері өтсеңіз оңтүстік жарты шарға бет аласыз. Оны мынадай эксперимет арқылы білуге болады дейді жергілікті Кениялықтар.

Мәселен: бір кесеге су құйып, оның бетіне ши тастап, солтүстік жарты шарға қарай өтсеңіз кесе ішіндегі ши өзінен өзі сағат тілімен айналады екен. Ал, оңтүстік жарты шарға қарай өтсеңіз су бетіндегі ши теріс қарай айнала бастайды. Сол бір кесе сумен дәл экватор сызығының үстіне тұрсаңыз су да, ши да жылжымай бір орында тұрып қалады.

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Өлі теңізде адам ешқашан суға батпайды
​Беринг бұғазының спутниктен түсірілген суреті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу