Жер бетіндегі ең кәрі (қу) ағаш

Oinet.kz 06-11-2019 1555

Секвоя ағашы.jpg

АҚШ- тың "Секвоя" ұлттық саябағындағы "Президент" атты Секвоя ағашы. Бұл әзірге жер бетіндегі ең кәрі тал болып есептеледі. Оның жасы 3250 жыл екен. Биіктігі жөнінен ол үшінші орын алғанымен, жалпақтығы жөнінен бұл талға тең келетін ағаш жоқ. Тал қазіргі Калифорния штатының аумағында орналасқан.

Ең кәрі "Президент" талының биіктігі 73 метр болса, жалпақтығы 75 метрге дейін барады. Тіпті, оның бір бұтағының ұзындығы 36 метр екен. Бұл Секвоя ағашында 2 миллиардқа жуық жапырақ бар. Алайда, бұл тал қанша жерден кәрі болғанымен әзірге бұтақтары қурап немесе құлап жатқан жоқ. Есесіне, сынғандардың орынына жыл сайын жаңасы шығады.

Бұл "Секвоя" ағашына 1923 жылы "Президент" деген ат берілді. Ол АҚШ-тың 29-шы президенті Уоррен Гардингтің құрметіне орай болса керек. Секвоя ағашының үлкендігінен оны бір кадрде суретке түсіру де мүмкін емес екен. Оның толық бейнесін көрсету үшін фотографтар 126 кадрді құрастырып шыққан көрінеді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

​Беринг бұғазының спутниктен түсірілген суреті
Тынық мұхитынан табылған акуланың тісі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу