Тынық мұхитынан табылған акуланың тісі

Oinet.kz 06-11-2019 1530

Акуланың тісі.jpg

Мариан шұңғымасы маңынан табылған Мегалодон акуласының тісі. Бұл жыртқыш балықтар мыңдаған жылдар бұрын судан жойылып кеткен деп есептелген болатын. Алайда, адам 1960 жылы ғана әзер түскен Мариан шұңғымасынан бұл тістердің табылуы атақты акуланың мұндаға дейін өмір сүргендігін айғақтай түседі.

Мегалодон акуласының көлемі 18 метрге дейін, салмағы 47 тоннаға дейін жеткен дейді зерттеушілер. Ал, оның тісі 15- 20 сантиметрді құраған. Бұл жер бетіндегі басқа ешқандай балықта болмаған тіс болса керек. Әлдеқашан жойылып кетті деген акула тісінің табылуы әлі де бұл шұңғыманы толық зерттеуді қажет етеді.

Мариан шұңғымасы бұл жер бетінің ең терең шұңқыры. Оның астына түскен океанографтар адам нанғысыз қысым мен судың 450- 500 градус ыстық температурасын тіркеген. Тіпті, оның астында темірдің өзі майысып кетеді екен.

Бір таңқаларлығы, осындай ыстыққа қарамастан Мариан шұңғымасында әлі адам көрмеген балықтар мен медузалар мекендейді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Жер бетіндегі ең кәрі (қу) ағаш
Айсбергтер туралы қызықты деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу