iPhone телефондарының бетінде неліктен сағат 9:41-ді көрсетеді?

Oinet.kz 06-11-2019

Айфон.jpg

iPhone- телефондарының бетінде неліктен үнемі сағат 9:41- ді көрсетіп, сейсенбі деп тұрады. Тіпті, Айфонның барлық жарнамалық роликтері мен қораптарының сыртында да дәл осындай. Бұл 2007 жылы Айфонның алғаш шыққан сәтінде Стив Джобстың оны 41 минут таныстыруымен байланысты. Және ол күн 7-ші қаңтар, сейсенбі болатын.

Бүгінде бұл бренд әлемнің ең көп сатылатын телефонына айналған. 2007 жылдың қаңтарынан 2016 жылға дейін оның 1 миллиард данасы сатылған.

9 жылда Айфон сатудан атақты "Аpple" компаниясы 200 миллиард доллар тауыпты.

Алайда, Айфон қанша жерден бағалы телефон болғанымен АҚШ қауіпсіздік қызметі президент Барак Обамаға оны ұстауға рұқсат берген жоқ. Себебі, таза қауіпсіздікке бәрібір кепілдік жоқ. Есесіне, Барак Обама "BlackBerry" ұялы телефонын қолданған екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

120 шақырымды 13 минутта бағындыратын жүрдек пойыз
Әлемдегі ең қымбат қала - Токио

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×