Әлемдегі ең қымбат қала - Токио

Oinet.kz 06-11-2019 1401

Токио.jpg

Токио әлемдегі жылжымайтын мүлік ең қымбат қаланың бірі. Мұның іскер аудандарындағы кейбір пәтерлердің бір шаршы метр құны 2 миллион долларға дейін барады. Сондықтан, қалада уақытша келгендерге шағын капсулалы үйлер салынған. Ол туристер үшін кәдімгідей арзан. Капсула пәтердің үлкендігі біздегі асхана бөлмесіндей- ақ болуы мүмкін.

Токиода 4 миллион үй бар. Қала көшелерінің жалпы ұзындығы 22 000 шақырым. Бұл Экватор сызығының жартысына тең. Көшенің көптігі соншалық, оларға беретін ат жоқ. Сондықтан, Жапон астанасында көшелер цифрмен белгіленеді.

Аспанмен тілдескен алып ғимараттар өзінің төзімділігімен таң қалдырады. Мәселен: Токиода жылына 150 рет жер сілкінеді. Жапония астанасы халық саны жөнінен де ең жоғарғы орындардың бірінде.

Қазір Токио аглеморациясында 35 миллион адам тұрады. Бұл шамамен бір адамға 4 шаршы метр жерден келеді деген сөз. Яғни, мұнда жер тар. Бірақ, тар жерден қандай тамаша мүмкіндіктерге жетіп отырғандығы таң қалдырады...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

iPhone телефондарының бетінде неліктен сағат 9:41-ді көрсетеді?
Шолпанда қорғасын жауатынын білесіз бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу