120 шақырымды 13 минутта бағындыратын жүрдек пойыз

Oinet.kz 06-11-2019 1150

Жүрдек пойыз.jpg

Құстай ұшқан Жапонның "Синкансен" жүрдек пойыздары.

"Синкансен" темір жол желісінің алғашқы 515 шақырымы 1964 жылғы Токио олимпиадасына орай пайдалануға берілді. Сол кезден бері бұл әлемдегі ең жылдам әрі өз уақытында келетін пойыздарға айналды. "Синкансен" пойыздары арқылы 1964 жылдан 2010 жылға дейінгі 46 жыл ішінде 4,9 миллиард адам тасмалданған.

Жапон пойыздары жылдамдықтан да рекорд орнатқан. "Синкансен" жүрдек пойызы 1996 жылы сағатына 515 шақырым жылдамдықпен жүрді.

Бұл шамамен ұшақтың көрсеткішімен бірдей. Алайда, рекордтан тыс "Синкансен" пойыздары сағатына 320 шақырым жылдамдықпен жүреді. Бір таңқаларлығы, бұл пойыздар шыққан 55 жыл ішінде оның кешігуі 6 секундқа ғана тең екен.

Қазіргі таңда Жапон темір жолдарында күніне 250 жүрдек пойыз жүреді. Сенсеңіз оған тәулігіне 2 миллион адам мінеді екен. "Синкансен" жүрдек пойызы 16 вагоннан тұрады. Әр вагонның ұзындығы 25 метрден асады. Жалпы, пойыздың ұзындығы 400 метр болады.

Назар аударыңыз: бұл пойыздар Токио мен Мито қалалары арасындағы 120 шақырым жерді небары 13-ақ минутта кесіп өтеді екен...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Адольф Гитлер неге Эйфель мұнарасының басына шыға алмады?
iPhone телефондарының бетінде неліктен сағат 9:41-ді көрсетеді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу