Адольф Гитлер неге Эйфель мұнарасының басына шыға алмады?

Oinet.kz 06-11-2019 1218

1940 жылы Адольф Гитлер Парижге алғаш рет барады. Ол уақытта Франция Үшінші Рейхке тізе бүккен еді. Алайда, осы сапардағы Фюрердің Парижді Эйфель мұнарасы үстінен көремін деген арманы орындалмады.

Адольф Гитлер.jpg

Адольф Гитлердің Эйфель мұнарасының алдында түскен суреті. Париж. 1940 жыл

Себебі, дәл осы тұста атақты мұнараның лифтісі істемей қалады. Кейінірек белгілі болғандай, Эйфельдің директоры неміс басқыншылары келер алдында лифтіні істен шығарып тастаған екен.

Жалпы, Француздар оларды немістер басып алған тұста атақты Лувр музейінің құнды экспонаттарын елдің басқа жерлеріне бірнеше рет көшірген. Өйткені, ол жүздеген жылдан бері келе жатқан Францияның басты байлығы еді.

Сонымен, 1944 жылы Гитлер өзінің генералына Париждегі Эйфель мұнарасын жару жөнінде тапсырма береді. Алайда, Француздардың қуанышына орай ол генерал Эйфель мұнарасын бұзған жоқ.

Ал, осы жылдың күзінде одақтастар əскері фашистерді Парижден қуып шықты...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Катарда жасанды аралға салынған 45 мың адамдық стадион
120 шақырымды 13 минутта бағындыратын жүрдек пойыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу