Қызылшамен қандай адамдар ауырмайды?
Сурет ашық дереккөзден алынды.
Қызылша – ауа тамшылары арқылы жұғатын жедел инфекциялық жұқпалы ауру. Қызылшаның қоздырғышы – поромиксо вирустары. Қызылшаға шалдыққан адамның дене қызуы 38-40 градусқа көтеріліп, теріде бөртпелер пайда болады, көзі қызарып, тыныс ағзалары зақымдалады. Қызылша бөртпесі бірінші күні бастан, беттен басталып, үшінші күні балтырға, аяқтарға шығады.
Бөртпе көлемі 2 мм болады, 3-4 күннен кейін бөртпелер қайта бастайды. Қызылша ауруы науқас адамнан жұғады. Жасырын кезеңі – 9-11 күн, кейде 14-21 күнге созылады. Қызылша ауруымен ауырған науқас төсекте жатып, суды көп ішіп, витаминдер қабылдап үйде емделеді.
Қызылша ауруын екпе алу арқы алдын алуға болады. Қызылшамен ауырған науқас көпшілік ортаға шықпауы қажет. Қызылшамен ауырған адам екінші рет ауырмайды. Адам өз денсаулығын күтсе қандай ауру болсада жеңіл өтеді. Салауатты өмір салтын ұстанып көңіл күйіңізді көтеріп жүрсеңіз, ауру сізден аластайды.