Кез келген адам білуі керек инфаркт белгілері

Oinet.kz 31-08-2023 1924

Қазақстанда жылына 40 мыңнан астам адам жүрек-қан тамыр патологиясынан қаза табады. Белгілерін уақытында танып, медицинаналық көмекке жүгіну арқылы инфаркттың алдын алу мүмкіндігі бар. Ауру нәтижесі алғашы минуттардағы дұрыс алғашқы көмекке байланысты. Massaget.kz тілшісі жүрек талмасының белгілері мен алғашқы медициналық көмекті қалай көрсету керек екенін зерттеп көрген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Миокард инфарктісі - бұл жүрек некроздарының өлуі. Ол қан жүрек бұлшықетіне жетуді тоқтатқан кезде пайда болып, оттегінің жетіспеушілігінен жүрек аймақтары өле бастайды. Жүрек талмасы көбінесе кездесетін себебі, жүрек артерияларының тарылуы.

Сарапшылардың мәліметіне сүйенсек, инфаркт кезінде ауырсыну 15 минуттан бірнеше сағатқа дейін созылады. Күнделікті өміріңізде мына белгілерді байқасаңыз, дереу дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал.

  • Аяқтың ауыруы. Жаяу жүру кезінде балтырыңыз құрысып, тартылса бұл перифериялық артерия ауруы. Бұл симптом көбінесе темекі шегетін және қант диабетімен ауыратын адамдарда жиі кездеседі.

  • Қолдағы ауырсыну. Қолыңыз әсіресе сол жақтың ауырсынуы. Бұрын жүрек ауруы диагнозы қойылған болса, дереу белгіленген дәрілеріңізді ішіңіз. Көмектеспеген жағдайда жедел жәрдемге хабарласу керек.

  • Аяқтың ісінуі. Тобықтарыңыздың ісінуін байқасаңыз, бұл жүрек жеткіліксіздігінің белгісі. Қараусыз қалдыруға болмайды.

  • Түнгі терлеу. Түнде қатты терлеуден оянып, теріңіздің салқын болуы алаңдатарлық жағдай.

  • Ауаның жетіспеушілігі. Тұншығу, қысылу және тамақ ауруы болса, жоспарлы түрде дәрігерге қаралу керек.

  • Қатты шаршау. Шамадан тыс шаршау жүрек ауруының симптомы болуы мүмкін.

  • Аритмия. Жүректің үнемі жылдам соғып, тұрақты емес ырғақ дәрігерге қаралу керек.

Инфаркт алғаныңыздың белгілері.

  • Кеудедегі ауырсыну- инфаркттың көпшілігі бірнеше минут ішінде тоқтамайтын кеуде қуысының орталық бөлігінде ауырсыну сезімімен бірге жүреді(қысым, қысу немесе ауырсыну).

  • Бір немесе екі қолдың, арқаның, мойынның, жақтың немесе асқазанның ауырсынуы немесе ыңғайсыздық сезімі.

  • Тыныс алудың қиындауы.

  • Терінің бозаруы.

  • Суық тер, жүрек айну немесе бас айналу.

  • Кенеттен пайда болған әлсіздік.

  • Ішіңіз ауырып, ас қорытудың бұзылуы.

Жүрек талмасы ұстап, жедел жәрдем келгенше өзге адамға көрсету керек алғашқы медициналық көмек.

  • Жәбірленушіні жатқызыңыз, бірақ денесі жартылай отыруы керек.

  • Киімі тыныс алуға кедергі келтірген жағдайда оны шешіңіз.

  • Желдеткіш қосу арқылы немесе басқа жолмен таза ауа ағынын қамтамасыз етіңіз.

  • Зардап шеккен адамның жүрек ауру диагнозы болған жағдайда дәрігер тағайындаған нитроглицерин беріңіз.

  • Аспирин беріңіз. Біріншіден, ол ауырсынуды басады. Екіншіден, препарат қанды сұйылтады. Бұл қан ағымын жақсартады және жағдайды жеңілдетеді. Есіңізде болсын, аталмыш препаратқа аллергия немесе адам қан ұюының төмендігімен байланысты аурулардан зардап шегетін болса, аспиринді қабылдауға болмайды.

  • Адамды тыныштандыру үшін бәрін жасаңыз.

  • Келген дәрігерлерге шабуылдың қашан басталғанын, қандай белгілері болып, таблеткаларды қандай мөлшерде қабылданғанын айтыңыз.

  • Жедел жәрдем келгенше өзіңізге көрсету керек алғашқы медициналық көмек.

  • Дәрі-дәрмек сізге жақын жерде орналысып, олардың қажеттілігін сезінсеңіз, мүмкіндігінше,нитроглицерин мен аспирин қабылдаңыз. Сабырлықпен бір орында жатып, дәрігерлерді күтіңіз.

Есірткіге тәуелділіктен қалай арылуға болады?
29 қыркүйек – Дүниежүзілік жүрек күні
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу