Жаңа босанған аналар алғыстарын айтты

Oinet.kz 20-04-2021 598

Screenshot_5.jpg

Түркістан облысы Қоғамдық денсаулық басқармасының «№2 Облыстық перинаталдық орталығында» босанған әйел, бас дәрігері Лейла Үкібаева бастаған перзентхана ұжымына алғысын білдірді. 

Screenshot_3.jpg

– Әлемде бірнеше атақты, құрметті маман иелері бар. Соның бірі - дәрігер. Адамның жаны мен тәнін сақтап қалуға барынша үлес қосатын ақ халатты абзал жандарға алғысымды білдіргім келеді. Шымкент қаласы облыстық Периниталық орталық "№2 Перзентханасының бас дәрігері Лейла Үкібаева бастаған ұжымға және дәрігер Дүйсенхан Ақбердиев және өз қызметін жақсы атқарған акушер Берікбаева Гүлмира ханымға өз алғысымды білдіргім келеді. Қазіргі таңда баламыз екеуміздің жағдайымыз жақсы. Үлкен қуанышпен үйге шығып жатырмыз, - дейді баласын аман-есен босанғанына қуанышы қойнына сыймаған келіншек.

Аталған аурухана короавирус індеті өршіп тұрғанда жүкті келіншектерді аурудан барынша қорғап, денсаулығын күтті. Оларға жайлы жағдай жасап, сақтық шараларын қатаң сақтады. Аурухана ұжымының осы қамқорлығына риза болған тағы бір келіншек өз алғысын жеткізді.   

Screenshot_4.jpg

– Мен Шымкент қаласының тұрғынымын. Ішім бүрып ауырып, қан кеткен кезде мені ауруханаға шұғыл жатқызды. Жедел жәрдем бөлмесіндегі барлық медициналық қызметкерлердің маған мұқият қарады. Босанғаннан кейін барлық жағдайымды жасап, бас-көз болды. Мұнда өзімді тамаша сезіндім.

Аурухана дәрігерлері, медбикелер мен акушерлер барлығы өз істерінің маманы екен. Қандай жағдай болмасын, олар тез әрі нақты шешім қабылдайды. Кідіріп қалмайды. Олар мені тұрақты бақылаумен болды. Бұл менің бойыма қуаныш сезімін сыйлады.

Облыстық №2 перинаталдық орталығының» барша ұжымына деген рахметім шексіз. Бас дәрігер Л. Үкібаеваға және акушер-гинекологтар Г.Алменова, Ж.Буралкиева, М.Ерназарова, Е.Исабаевқа, неонотолог-дәрігерлер А.Тастанов және М.Жұманова, ОАРиИТ меңгерушісі Н.Батыршаевқа үлкен ризашылығымды білдіремін. Еңбектеріңіз үшін рахмет! – деп ағынан жарылды.

Бүгінде №2 облыстық периниталдық орталықта күн сайын бірнеше азаматша босанады. Барлығына бірдей медициналық қызмет көрсетіледі. 

Израильде «Болашақ» бағдарламасымен оқып келген мамандар тәжірибелерімен бөлісуде
Түсіндіру жұмыстары сапалы жүргізілуде
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу